Құрметті сайт қонақтары!

 

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

 

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

             

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

Жаңалықтар

Нет описания фото.
Коронавирустың омикрон штаммы дегеніміз не және одан қорқу керек пе?
«Омикрон» коронавирусының жаңа штаммы бүкіл әлемде тез таралады. ДДҰ бұл адамдар үшін өте қауіпті болуы мүмкін екендігін алға тартады. ДДҰ жіктеуі бойынша коронавирустың барлық штамдары «қызығушылық тудыратын» (VOI) — бақылауды қажет ететін және «алаңдаушылық тудыратын» (VOC) болып бөлінеді. Бұл айырмашылық вирустың ықтимал салдарын бағалау және онымен күресу стратегиясын жасау үшін өте ыңғайлы. VOC тобына «омикроннан» басқа «альфа», «бета», «гамма» және «дельта» нұсқалары кіреді.
Алаңдаушылық тудыратын штамдардың бір немесе бірнеше ерекшеліктері бар:
адамнан адамға тезірек беріледі (көбірек трансмиссивті);
көбінесе олар ауруды тудырады, яғни вирус тасымалдаушымен байланыста болған кезде, ауырып қалу ықтималдығы өте жоғары;
бұрын ковидке тән емес жаңа белгілермен сипатталады;
вакциналар мен дәрі-дәрмектерге салыстырмалы түрде төзімді.
Коронавирустың омикрон штаммында ең көп мутация бар-бұл нені білдіреді?
Вирустар тірі организмдерге тиімді еніп, олардың жасушаларында көбею үшін мутацияға ұшырайды.
Мутация - бұл генетикалық материалдағы өзгерістер, көбінесе вирустың жұқпалы, вакциналарға төзімділігі, аурудың ауырлығы, белгілері және т.б. сияқты қасиеттеріне әсер етеді. Жаңа «омикрон» штаммында коронавирустың барлық тіркелген нұсқалары арасында Спайк протеині мутацияларының ең көп саны бар (вирустық бөлшектің дене жасушасына қосылуына жауап беретін ақуыз)-32.
Анықталған мутациялардың қысқаша сипаттамасы:
Бұрын «альфа», «бета», «гамма» және «дельта» штамдарында кездескен, олар трансмиссивтіліктің жоғарылауымен (жұқпалы) және антиденелерге төзімділікпен байланысты болған.
__
Что такое омикрон-штамм коронавируса и стоит ли его бояться?
Новый штамм коронавируса «омикрон» быстро распространяется по всему миру. ВОЗ заявляет, что он может оказаться крайне опасным для людей. По классификации ВОЗ все штаммы коронавируса делятся на «вызывающие интерес» (VOI) — требующие наблюдения — и «вызывающие озабоченность» (VOC) — наиболее опасные из-за своих свойств. Такое разграничение наиболее удобно для оценки возможных последствий вируса и проработки стратегии борьбы с ним. В группу VOC, помимо «омикрона», включены варианты «альфа», «бета», «гамма» и «дельта».
Штаммы, вызывающие озабоченность, имеют одну или несколько следующих особенностей:
быстрее передаются от человека к человеку (более трансмиссивны);
чаще вызывают заболевание — то есть при контакте с носителем вируса вероятность заболеть очень велика;
характеризуются новыми симптомами, ранее несвойственными ковиду;
относительно устойчивы против вакцин и лекарственных препаратов.
У омикрон-штамма коронавируса больше всего мутаций — что это означает?
Вирусы мутируют, чтобы эффективнее проникать в живые организмы и размножаться в их клетках. Мутации — это изменения в генетическом материале, часто влияющие на такие свойства вирусов как заразность, устойчивость к вакцинам, тяжесть заболевания, симптомы и так далее. У нового штамма «омикрон» самое большое число мутаций Спайк-протеина (белка, отвечающего за прикрепление вирусной частицы к клетке организма) среди всех зарегистрированных вариантов коронавируса — 32.
Краткая характеристика обнаруженных мутаций:
Девять ранее встречались в штаммах «альфа», «бета», «гамма» и «дельта», их связывали с повышенной трансмиссивностью (заразностью) и устойчивостью к антителам.
2022 жылдың 10-12 қаңтар аралығында Сайрам ауданының ауылдық округтерінің зиялы қауым өкілдері және мектеп басшылары Аудан әкімінің орынбасарлары М.Оразалиев, Ш.Убайдуллаев, аудан әкімінің кеңесшісі Р.Есполай, Сайрам аудандық тұтынушыларды қорғау басқармасының басшысы Е.Түктібай, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Қ.Ыдырысов және аудандық адами әлеуетті даму бөлімі басшысының орынбасары Г.Нұртанова қатысуымен жиналыстар өткізілді.
Жиналыстың басты тақырыбы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді коронавирус індетіне қарсы екпе жұмыстарын жандандыру, ревакцинациялау жұмыстарын жүргізу.
Жалпы Ақсукент аулдық округінің 10 мектебі, Қарасу ауылдық округінің 8 мектебі, Манкент ауылдық округіндегі - 8 мектеп, Қарамұрт ауылдық округіндегі - 5 мектеп, Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі - 8 мектеп, Жибек жолы ауылдық округіндегі - 3 мектеп және Ақбулақ ауылының 1 мектебі қамтылды.
Соңғы күндері елімізде коронавирус жұқтырған адамдар саны күн санап өсіп келеді.
Сондықтан Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары! Өз балаларыңыздың екпе алуын қамтамасыз етсеңіздер.
«Pfizer» компаниясының екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынатындығын, ал жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асып жатқандығын еске саламыз.
 

ОБЩИЕ ПРИНЦИПЫ ЛЕЧЕНИЯ ГРИППА И ОРВИ У ДЕТЕЙ

1. Необходимо повторить, что самолечение при гриппе и ОРВИ недопустимо, особенно для детей раннего возраста. Предугадать течение заболевания невозможно, а осложнения могут быть самыми различными. Только врач может правильно оценить состояние больного. Поэтому необходимо сразу вызвать врача. Какие медикаменты нужны ребенку – решает врач в зависимости от состояния организма.

 

2. Режим больного должен соответствовать его состоянию: постельный в тяжелых случаях, полупостельный при улучшении состояния и обычный – через один-два дня после падения температуры. Температура в комнате должна быть 21-23ºС, частое проветривание облегчает дыхание, уменьшает насморк.

 

3. Не спешите снижать температуру, если она не превышает 38 градусов, так как это своеобразная защитная реакция организма от вирусов и микробов.

 

4. Питание не требует особой коррекции. Если ребенок не ест, не надо настаивать – при улучшении состояния аппетит восстановится.

 

5. Питьевой режим имеет немаловажное значение. Больной теряет много жидкости с потом, при дыхании, поэтому он должен много пить: чай, морсы, овощные отвары. Растворы для приема внутрь, продающиеся в аптеках, лучше давать пополам с чаем, соком, кипяченой водой.

 

6. Больной должен быть изолирован сроком на 7 дней, в домашних условиях – в отдельной комнате.

 

7. Предметы обихода, посуду, а также полы протирать дезинфицирующими средствами, обслуживание больного проводить в марлевой повязке.

Қан донорлығы – адамның қанды ерікті түрде тапсыру шарасы. Мұндай қадамды мақтаныш ретінде қабылдауға болады, өйткені Сіз игі іс қана жасап қоймай, донор болуға жарамды адамдардың қатарына кіресіз, яғни қазіргі өмір салтыңыз өзіңізді дені сау адам деп атауға лайық, ал дені сау адам болу қашан да үлкен бақыт болып табылады!

 

Ересек адамның ағзасында шамамен 4,5–5,5 литр қан бар, донордан қан олған кезде оның оннан бір бөлігін – 450 мл. алады. Бұл адамға зиян келтірмейді және қолайсыздықты тудырмайды, қан көлемінің орны тез толып,  шара қан жасаушы процестерді ынталандырады және белсендетеді, ал бұл болса адамға өз пайдасын тигізеді.

 

Қан тапсырудың 10 артықшылығы:

 

№ 1 себеп. Бірнеше адамның өміріне араша түсетін игі іс жасағанынды білгендіктен туындайтын қуаныш пен бақыт сезімі басты себептерінің бірі болып табылады. 1 рет қан тапсырған донор 3 адамның өмірін құтқарады.

 

№ 2 себеп. Донорлар – міндетті түрде тексеріп-қараудан өтеді, яғни өз қан тобын білу, В және С гепатиттері, мерез, АИТВ инфекциясының маркерлеріне зерттеу үшін тегін  текссеріледі.

 

№ 3 себеп. Қанды тапсырған кезде ағза қан жасаушы органдарының қызметін ынталандырады, сол арқылы қан құрамы жаңартылады, адамның жалпы жай-күйін жақсартады, еңбекке қабілеттілігін арттырады.

 

№ 4 себеп. Тұрақты донорлық семіздіктің алдын-алады, жаңа алынған қанның бір донациясы барысында адам 650 ккалды, плазма донациясы кезінде – 470 ккалды жоғалтады. Әйелдер үшін бұл жас, әдемі және сымбатты болудың тағы да бір таптырмас жолы.

 

№ 5 себеп. Ерлер үшін – өздерін ер ретінде сезінудің тағы да бір жолы. Сонымен қатар, ерлер артериялық қан қысымының көтерілуіне жиі душар болады, донорлық – қан қысымын, сондай-ақ жүрек пен тамыр ауруларының қатер-қаупін төмендетеді.

 

№ 6 себеп. Қанның жаңаруы, өз кезегінде, асқазан-ішек жолдары, оның ішінде бауыр ауруларының баға жетпес профилактикасы. Нәтижесінде донорлардың бет әлпеті жақсарады, ал терісі жарқыраған және таза болады.

 

№ 7 себеп. Донорлықты ағзаны қанды болжалды жоғалтуға жаттықтыру ретінде қарауға да болады. Тұрақты донор ауқымды қан кету жағдайында төзімді болады, өйткені олардың қан тапсырмаған адамға қарағанда, қан кету реакциясы жаттықтырылған.

 

№ 8 себеп. Қан донорлығы онкологиялық ауруларға шалдығудың қауіп-қатерін төмендетеді.

 

№ 9 себеп. Қан донорлығы салауатты өмір салтын ұстануды, дұрыс және толыққанды тамақтануды, спортпен шұғылдануды, өз денсаулығын күтуді, дәрі-дәрмектерді қажетсіз ішпеуді, жаман әдеттерден бас тартуды болжамдайды.

 

№ 10 себеп. Қан тапсыру адам өмірін 5-7 жылға ұзартады.

 

 

ІНДЕТПЕН КҮРЕСУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ ЕКПЕ АЛУ

02.11.2021жылы Ақсукент ауылындағы Қ. Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20 қазан 2021 жылғы №46 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» бекітілген қаулысын түсіндіруге арналған брифинг өтті. 

Спикерлер қатарында аудан әкімінің орынбасары Оразалиев Мадияр Мұхтарұлы, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Түктібай Ералқасын Жақаншаұлы, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ыдырысов Қалдыбай Сәдуақасұлы, Қарабұлақ аудандық ауруханасының бас дәрігері Қожахметова Эльмира Ағабекқызы қатысты. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары А. Сабитов бекіткен іс-шара жоспары және Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірлескен бұйрығын негізге ала отыра

Сайрам аудандық орталық ауруханасында 15.11.2021жылынан бастап оқушылар мен жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы «Pfizer» компаниясы шығарған "Комирнати" вакцинасын салу басталды. 

«Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынатынын ескертеміз. Екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізілсе, жасөспірімдерді вакцинациялау – тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзе асады.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.10.2021 жылғы №46 Қаулысымен таныстыру мақсатында, Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-вакцинасымен жүргізу» туралы, 02.11.2021 – 09.11.2021 жылы аралығында Сайрам аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушілері, аға дәрігерлер, жалпы тәжірибелі дәрігерлер, СӨСҚ дәрігерлері, психологтар және медбикелер Сайрам ауданындағы 44 мектепте ата-аналармен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Комирнати» – SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі КВИ-ге қарсы вакцина. «Комирнати» құрамында иммундық қорғаныш тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.

Бір құтыда сұйылтқаннан кейін 0,3 мл-ден 6 доза бар.

КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мынадай адамдар жатады:

  • 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер;
  • жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін;
  • лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін).

Вакцинация жүргізу алдында КВИ-дың және коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді.

КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалау ескеріле отырып, 6 айдан соң КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады. КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға жол беріледі.

Бастапқы кезеңде КВИ-ге қарсы профилактикалық егуді 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялаудан басталады;

келесі кезеңдерде (16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакцинациялау аяқталғаннан кейін) басқа – 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер рет-ретімен вакцинацияланады.

Білім беру ұйымдарында (мектептер, колледждер, университеттер және басқалар) оқитын жасөспірімдерді вакцинациялау оқу орнында жүргізілуі мүмкін.

Вакцинациядан кейін 30 минут бойы әрбір егілгенге медициналық бақылау жүргізіледі.

Жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерді вакцинациялау медициналық ұйымда және өзге де вакцинация пункттерінде жүргізіледі.

Жүкті әйелдер мен лактация кезіндегі әйелдерге КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу кезінде мыналарды ескеру қажет:

  • жалпы қан талдауын және коагуллограмма (көрсетілімдер бойынша) тапсыра отырып, вакцинациялау алдында жүкті әйелдерді терапевттің немесе жалпы практика дәрігерінің міндетті қарап-тексеруі;
  • қажет болған жағдайда жүкті әйелдерді вакцинациялау салалық маман – акушер-гинекологтың консультациясынан кейін, ауыл деңгейінде (ОДА, ФАП) - фельдшер-акушердің консультациясынан кейін жүргізіледі;
  • жүктілік басталғанға дейін вакцинацияланбағандарға жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін «Комирнати» вакцинасымен (Пфайзер, АҚШ) вакцинациялауды ұсыну;
  • егер жүкті әйел жүктіліктің алғашқы 12 аптасында вакцинаның бірінші дозасын алған жағдайда, екінші компонентті жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін алу ұсынылады;
  • жалпы қарсы көрсетілімдерден басқа, тауық жұмыртқасының ақуызына аллергиялық реакциялар, жіті қызба жағдайлары, сондай-ақ жүктіліктің ауыр асқынулары – эклампсия, қан кету және басқа да жағдайлар болғанда жүкті әйелдерге вакцинация жүргізілмейді;
  • лактация кезеңіндегі әйелдерді вакцинациялау босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін – босанудан кейін 42 күннен соң жүргізіледі.

«Комирнати» вакцинасын енгізуге қарсы көрсетілімдер:

  • әсер ететін затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия; жұмыртқаға немесе желатинге аллергияның болуы вакцинация үшін қарсы көрсетілім немесе ескерту болып табылмайды, себебі вакцина құрамында бұл компоненттер жоқ.
  • 12 жасқа дейін;
  • жүктіліктің 16 аптасына дейін;
  • анамнезінде полиэтиленгликолге немесе туыстас молекулаларға ауыр аллергиялық реакцияся бар адамдарға, себебі вакцина құрамында полиэтиленгликоль бар.

Вакцинациялау:

  • қандай да бір басқа вакцина енгізілгеннен кейін немесе бұрын Комирнати енгізілгеннен кейін ауыр аллергиялық реакция немесе тыныс алу проблемалары;
  • кез келген инъекциядан/уколдан кейін естен тану, құрысулар;
  • жоғары температурамен жіті инфекциялық аурулар және созылмалы аурулардың асқынуы;
  • қанның ұюымен, оның ішінде тромбтардың пайда болуына қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдаумен байланысты проблемалардың болуы;
  • ауруға байланысты иммундық жүйе әлсіреген (АИТВ инфекциясы, стероидты препараттарды қабылдау) кезінде сақтықпен жүргізіледі.

 

Сайрам аудандық орталық ауруханасы Ұлттық алкогольді тұтынудан бас тарту күніне орайластырылған "Ұстамдылық – өмір нормасы!" шеңберінде өткізілген іс-шаралар:

  1. 7-10 жас аралығындағы 658 оқушымен "Ішімдік пен денсаулық үйлесімді емес" тақырыбында 41 тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
  2. 11-14 жас аралығындағы 720 оқушымен "Біз оптимизммен өмір сүреміз", "Жақсы әдеттер" тақырыбында 41 сұхбат жүргізілді.
  3. 15-17 жас жас аралығындағы 396 оқушымен "Ішімдікке жол бермеу!», тақырыбында 23 сұхбат және 20 оқушымен 2 доңгелек үстел өткізілді.
  4. Аудандық емхана және амбулаториялық мекемелерінде 18-29 жас аралығындағы 589 адаммен, 30-64 жас аралығындағы 698 адаммен, 64 жастан жоғары 372 адаммен өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру, алкогольдің адамның репродуктивтік жүйесіне әсері, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары барысында сұхбат жүргізілді.
  5. Апталық негізінде тұрғындарға 420 парақша таратылды.
  6. Әлеуметтік желілерде 3 пост жарияланып, аурухананың ресми сайтында мәлімет жарияланды.