Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.10.2021 жылғы №46 Қаулысымен таныстыру мақсатында, Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-вакцинасымен жүргізу» туралы, 02.11.2021 – 09.11.2021 жылы аралығында Сайрам аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушілері, аға дәрігерлер, жалпы тәжірибелі дәрігерлер, СӨСҚ дәрігерлері, психологтар және медбикелер Сайрам ауданындағы 44 мектепте ата-аналармен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Комирнати» – SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі КВИ-ге қарсы вакцина. «Комирнати» құрамында иммундық қорғаныш тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.
Бір құтыда сұйылтқаннан кейін 0,3 мл-ден 6 доза бар.
КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мынадай адамдар жатады:
- 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер;
- жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін;
- лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін).
Вакцинация жүргізу алдында КВИ-дың және коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді.
КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалау ескеріле отырып, 6 айдан соң КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады. КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға жол беріледі.
Бастапқы кезеңде КВИ-ге қарсы профилактикалық егуді 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялаудан басталады;
келесі кезеңдерде (16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакцинациялау аяқталғаннан кейін) басқа – 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер рет-ретімен вакцинацияланады.
Білім беру ұйымдарында (мектептер, колледждер, университеттер және басқалар) оқитын жасөспірімдерді вакцинациялау оқу орнында жүргізілуі мүмкін.
Вакцинациядан кейін 30 минут бойы әрбір егілгенге медициналық бақылау жүргізіледі.
Жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерді вакцинациялау медициналық ұйымда және өзге де вакцинация пункттерінде жүргізіледі.
Жүкті әйелдер мен лактация кезіндегі әйелдерге КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу кезінде мыналарды ескеру қажет:
- жалпы қан талдауын және коагуллограмма (көрсетілімдер бойынша) тапсыра отырып, вакцинациялау алдында жүкті әйелдерді терапевттің немесе жалпы практика дәрігерінің міндетті қарап-тексеруі;
- қажет болған жағдайда жүкті әйелдерді вакцинациялау салалық маман – акушер-гинекологтың консультациясынан кейін, ауыл деңгейінде (ОДА, ФАП) - фельдшер-акушердің консультациясынан кейін жүргізіледі;
- жүктілік басталғанға дейін вакцинацияланбағандарға жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін «Комирнати» вакцинасымен (Пфайзер, АҚШ) вакцинациялауды ұсыну;
- егер жүкті әйел жүктіліктің алғашқы 12 аптасында вакцинаның бірінші дозасын алған жағдайда, екінші компонентті жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін алу ұсынылады;
- жалпы қарсы көрсетілімдерден басқа, тауық жұмыртқасының ақуызына аллергиялық реакциялар, жіті қызба жағдайлары, сондай-ақ жүктіліктің ауыр асқынулары – эклампсия, қан кету және басқа да жағдайлар болғанда жүкті әйелдерге вакцинация жүргізілмейді;
- лактация кезеңіндегі әйелдерді вакцинациялау босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін – босанудан кейін 42 күннен соң жүргізіледі.
«Комирнати» вакцинасын енгізуге қарсы көрсетілімдер:
- әсер ететін затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия; жұмыртқаға немесе желатинге аллергияның болуы вакцинация үшін қарсы көрсетілім немесе ескерту болып табылмайды, себебі вакцина құрамында бұл компоненттер жоқ.
- 12 жасқа дейін;
- жүктіліктің 16 аптасына дейін;
- анамнезінде полиэтиленгликолге немесе туыстас молекулаларға ауыр аллергиялық реакцияся бар адамдарға, себебі вакцина құрамында полиэтиленгликоль бар.
Вакцинациялау:
- қандай да бір басқа вакцина енгізілгеннен кейін немесе бұрын Комирнати енгізілгеннен кейін ауыр аллергиялық реакция немесе тыныс алу проблемалары;
- кез келген инъекциядан/уколдан кейін естен тану, құрысулар;
- жоғары температурамен жіті инфекциялық аурулар және созылмалы аурулардың асқынуы;
- қанның ұюымен, оның ішінде тромбтардың пайда болуына қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдаумен байланысты проблемалардың болуы;
- ауруға байланысты иммундық жүйе әлсіреген (АИТВ инфекциясы, стероидты препараттарды қабылдау) кезінде сақтықпен жүргізіледі.