2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында «міндетті медициналық сақтандыруды енігізу мәселелерін жан-жақты қарастыру керектігін атап өтті. Мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі - медициналық қызметтің барлықжүйесініңбастықағидаты».
2015 жылдың 6 мамырында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Астанадағы кеңейтілген Үкімет отырысында Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадамды» белгілеп берді. Осы жоспардың 80-ші қадамы Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын енгізуді қарастырады. Сонымен қатар, мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ортақ жауапкершілігі негізінде, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) қаржыландыруды басшылыққа алу негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуды қарастырады. Алғашқы медициналық көмек ауруды алдан-ала ескерту және басынан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.
2015 жылдың 16 қарашасында Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң қабылданды. Құжат мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің ортақ жауапкершілігі негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге қатысты реформаларды жүзеге асыру үшін жіберілді. Заң коммерциялық емес акционерлік қоғам формасындағымедициналық сақтандыру қорын құруды көздейді.
2016 жылдың 13 мамырында «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК құрылымында Міндетті әлеуметтік медициналық қорын құру бойынша Жобалық кеңсе құрылды.
2016 жылдың 23 тамызында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын жасады. Заң жобасы жақын арада ҚР Үкіментінің қарауына жіберілетін болады.