Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.
Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер-6952, ересектер-77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.
Бүгінгі таңда Сайрам аудандық орталық ауруханасы құрамында 434 төсек -орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:
Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсультний центр - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20, еректер және балалар реанимациясы.
Амбулаторлық көмек
Аурухана құрамында: аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер медициналық қызмет көрсетуде.
Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. Тұрғындар амбулаториялық-емханалық ұйымдарға келіп, тиісті ем қабылдау мүмкішілігіне ие болды.