Call - орталығы - 8 (725)31 59-952, Сенім сымтетігі - 8 (725)31 59 - 962
Құрметті сайт қонақтары!
Біз Сіздерді шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз
Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.
Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.
Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.
Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!
БІЗДІҢ МИССИЯ:
Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.
Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.
Бүгінгі таңда Сайрам аудандық орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:
Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20, еректер және балалар реанимациясы.
Амбулаторлық көмек
Аурухана құрамында: аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер медициналық қызмет көрсетуде.
Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда.
Галерея
Жаңалықтар
Балалар арасында семіздіктің көбеюі дүниежүзінің барлық елдерінде байқалады, ол дамыған елдерде аздап көбейген (он жылда орта есеппен 30 – 50 %-ға) және дамушы елдерде қатты көбейген (бастапқы төмен деңгейлерді есеп ала отырып, он жылда 400%-ға жуық). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректеріне сәйкес, дұрыс тамақтанбау семіздік, қант диабеті, жүрек ауруы және қатерлі ісік сияқты 60 пайыздан астам созылмалы ауруларды тудырады. Аурудың себептері ретінде тамақтану факторларының маңызы қимыл-қозғалысы аз өмір салты, темекі шегу және ішімдік ішу себептерінен де басым. Тамақтану балалардың денсаулығы мен дамуы үшін ерекше рөл атқарады.
Қазақстанда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) жүргізген ДДСҰ-ның Еуропалық бастамасы шеңберінде іске асырылатын балалар семіздігін эпидқадағалау деректері (COSI) қалалық және ауылдық жерлерде 7-8 жастағы балалардың 27%-ы және тиісінше 20%-ы артық салмақтан және семіздіктен зардап шегетінін көрсетті. 2015 және 2020 жылдары 8 жастағы балалар арасында семіздікті эпидқадағалау нәтижелерін салыстыра отырып, балалар арасында дұрыс тамақтанбаумен тікелей байланысты жеткіліксіз және артық салмақ мәселесі өткір сипат ала бастағанын көруге болады: 2015 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 8 жастағы артық салмағы бар және семіздікке шалдыққан балалардың үлесі 18.7% – дан 21% – ға дейін, ал салмағы жеткіліксіз балалардың үлесі 3% – дан 5.6% – ға дейін артқан.
АҚШ артық салмақ бойынша алдыңғы қатардағы елдердің бірі болып саналады. Америкалықтар фаст-фудты көп пайдаланудың салдарын тартып жатыр. Баланы кафеге апарған кезде ата-аналар құнарлылығы аз тағамдарды таңдауы керек, қалай дұрыс тамақтану керектігін, қауіпті тағам өнімдері туралы білуі қажет. Балалар семіздігі – өте маңызды мәселе. Егер ол балалық шақта пайда болса, онда 90% жағдайда бұл есейген кезде де жойылмайды.
Таза қантты пайдалану тіс кариесінің пайда болу қаупін арттырады. Құрамында таза қанты бар тағамдар мен сусындардан пайда болатын артық калория салмақты шамадан тыс көбейтеді, бұл артық салмаққа және семіздікке әкелуі мүмкін. Жақында қан қысымы мен қан сарысуындағы липидтерге таза қанттың әсер ететіндігі туралы нақты мәліметтер алынды. Бұл таза қантты пайдалануды азайту жүрек-қан тамыры ауруларының қаупін төмендетуге көмектеседі деп болжауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда құрамында қанты бар өнімдер мен тұзды тұрғындардың көп пайдалануына ерекше назар аудару керек, олардың нарығы соңғы онжылдықта күрт өсуде, алкогольсіз сусындар өндірісінің өзі ғана жылына 24,9% – ға өсті.
Құрамында қанты бар сусындарды (CCН) жаһандық тұтыну артып келеді және орташа есеппен күніне 230 мл құрайды және оларды тұтыну жастар арасында жиі таралған.
2018 жылы Қазақстан Республикасында жүргізілген Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы (HBSC) сауалнамасының деректері бойынша 11-15 жастағы балалардың 17% – ы тәтті сусындарды күн сайын ішеді, ал балалардың 14,5% – ы оларды апта сайын ішеді. Басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Орта Азия мен Еуропаның 21 елінің арасында 9-орында тұр. Сонымен, күніне бір тәтті сусын ішу ересек адамда және балада артық салмақтың болу ықтималдығын 27%-ға және тиісінше 55%-ға арттырады. Сонымен қатар, күніне бір-екі тәтті сусын ішу 2-типті қант диабетінің даму қаупін бұл сусындарды сирек ішетіндермен салыстырғанда 26 пайызға арттырады.
Сондай-ақ, тәтті сусындар сүйектердің сау болуы үшін де үлкен проблема тудырады: сусындардың құрамында фосфаттардың мөлшері көп болады. Кальциймен салыстырғанда, фосфатты көп тұтыну сүйектердің сау болуына зиянды әсер етуі мүмкін. Кальцийді жеткілікті мөлшерде алу сүйектер қалыптасатын балалық шақта да, жасөспірім кезде де өте маңызды. Әдетте, алкогольсіз сусындарда кальций мен басқа да пайдалы қоректік заттар болмайды, бірақ олар жастарға кеңінен сатылады.
Құрамында қанты бар сусындар – балалар өте жақсы көретін морс, жеміс шырындары, газдалған сулар қауіпті! Бұл өнімдердің барлығында қант көп болады. Оларды ішкен кезде қант қанға тез сіңеді. Қантты қайта өңдейтін инсулиннің тез бөлінуі жүреді. Инсулин көп бөлінетіндіктен, ол қант деңгейін төмендете береді, ал қант деңгейінің төмендеуі – тәбеттің артуы. Яғни, шөлді басу үшін мұндай сусындарды ішу арқылы сіз кері әсер аласыз – шөліңізді баспайсыз және тәбетіңізді күшейтесіз. Шөлді жай сумен басу керек! Басқа сусындар 3-ші тағам болып саналады. Тағы да айтамыз, мұндай өнімдердің рационда болуы мүмкін, бірақ шамаңызды біліңіз!
Қант пайдалануды мынадай жолдармен азайтуға болады:
- тәтті тіскебасар, кәмпит жәнен тәттілендірілген сусындар сияқты қант мөлшері жоғары тағам өнімдері мен сусындарды (яғни, құрамында таза қанты бар сусындардың барлық түрлерін, мысалы, газдалған және газдалмаған салқындатылған сусындарды, көкөніс пен жеміс шырындары мен сусындарын, сұйық және ұнтақты концентраттарды, дәмдік қоспалары бар суларды, энергетикалық және спорттық сусындарды, дайын шай мен кофені, дәмдік қоспалары бар сүт сусындарын) пайдалануды шектеу керек;
- тәтті тіскебасарларды балғын көкөніс пен жеміске алмастыру керек.
Сусындарда жиі қолданылатын қант алмастырғыштарға өте сақ болу керек. Ең нашар алмастырғыштардың бірі – аспартам (басқа атауы – нутрисфит, Е951). Бұны өнімді арзандату үшін қолданады! Жануарларға зерттеулер жүргізіп, құрамында аспартам бар тағамдарды қолдану мидың қатерлі ісігіне, жүйке талшықтарының бұзылуына әкелетіні дәлелденді.
Сондай-ақ, бұл қант алмастырғыш 40 градустан жоғары температурада метан және формальдегид сияқты заттарға айналады, ал бұл у болып табылады! Жылдың ыстық мезгілінде ашық аспан астында қалған мұндай сусындар улы сусындарға айналады. Бұл өнімдерден улану жағдайлары кездескен. Өндірушілер «Салқындатып ішіңіз» деп жазады, бірақ олар денсаулық туралы мүлдем ойланбайды. Осылайша өндірушілер өздерін сот істерінен қорғауға тырысады.
Тағы да бір қант алмастырғыш – фруктоза. Ол кондитерлік өнімдерде қолданылады. Бұл жерде қауіп мынада: фруктоза қосылған өнімдерді шектен тыс пайдаланған кезде ол майға айналады! Салмақты азайтып, фруктоза қосылған өнімдерге көшетіндерге мұны есте ұстағаны жөн. Шектеулі мөлшерде болса да қантты пайдалану керек! Балалардың тамақтануында қант алмастырғыштардың болмауы тиіс! Оларды тек дәрігердің тағайындауымен ғана қолдануға болады!
Баланың дені сау болсын десеңіз
Бала тәрбиесінде ата-аналар тамақтану мәдениетіне назар аударуы керек. Тамақтану режимі болуы тиіс – үш рет тамақтану міндетті болуы керек. Тамақтану режимі тағамды қорыту тұрғысынан да маңызды. Егер бала режимге үйретілген болса, онда белгілі бір уақытқа қаарй асқазан сөлі мен ас қорыту ферменттері бөліне бастайды. Тамақтану ұзақтығы да маңызды. Тамақтану 20 минуттан кем болмауы керек. Осы уақыт ішінде ас қорыту сөлі дұрыс бөлінеді, бұл кезде балада қанағат сезімі пайда болып, өзінің тойғанын сезінеді. Жүре тамақтанған дұрыс емес!
Теледидардың және компьютер мониторының алдында, телефондағы ойынды ойнап отырып тамақтануға болмайды. Бұл кезде баланың миы глюкозаны көптеп қажет етіп, қарқынды жұмыс істейтіні белгілі. Бала мұны байқамай, тамақты артық жеп қояды.
Артық салмақтың алдын алу мәселесінде дене белсенділігі маңызды. Статистика бойынша, балалардың 50% – дан астамы спортпен шұғылданбайды. Физикалық жағынан белсенді балаларға бұлай істеуге болады, өйткені олар калорияларды жоя алады. Гиподинамия семіздікке ықпал ететін фактор болып табылады. Егер баланың артық салмағы болса, дәрігерлер дене белсенділігін, бірақ майларды жоюға арналған арнайы дене белсенділігін ұсынады. Ата – аналарды – балаларыңыздың ақыл-ойын ғана емес, сонымен қатар дене белсенділігін де дамытуға шақырамыз! Дене белсенділігімен күн сайын айналысу керек!
Слажнева Татьяна Ивановна, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы емес аурулардың алдын алу бөлімінің бас маманы

- Құрамында қанты бар газдалған сусындар ішкі ағзалардың семіруіне әкеледі
Бұл висцеральды майдың пайда болуын көрсетеді. Висцеральды май – іш қуысында жинақталатын дене майының бір түрі. Бұл май тінінің ең қауіпті түрі – созылмалы ауруды тудыратын, қант деңгейін жоғарылататын және қан тамырларын бұзатын токсиндерді шығарады. Оның ағзада басым болуы 2 -типті қант диабеті, гипергликемия, гипертония және басқа да жүрек – қан тамыр патологиясы сияқты метаболикалық аурулардың даму қаупінің жоғарылауымен байланысты.
2. Тәтті газдалған су қартаю процесін тездетеді
Қартаюды тездететін ең зиянды сусын. Ғылыми деректер, егер қартаю туралы айтатын болсақ, тәтті газдалған сусын ең зиянды сусын екенін көрсетеді. Қант қосылған газдалған сусындарды үнемі ішу аурулардың дамуына әсер етуі мүмкін – қанттың метаболикалық бақылау механизмдеріне қажетсіз жүктеме тудырып қана қоймай, сонымен қатар тіндердің жасушалық қартаю процесін тездетеді.
3. Газдалған сусындар инсулинге төзімді болуға әкеледі
Инсулинге төзімділік туралы түсінік беру қажет.
Инсулинге төзімділік – бұл инсулиннің әсеріне тіндердің сезімталдығын төмендету, ол қандай да бір ауыр дерт болмаған жағдайда өрбуі мүмкін. Инсулин – ұйқы безінде бөлінетін маңызды гормон және қандағы глюкозаның шоғырлануын төмендететін денедегі жалғыз гормон. Инсулин маңызды көптеген биологиялық реакцияларға қатысады, мысалы, бұлшықеттерде ақуыздардың түзілуін белсендіреді, бауырда майдың жиналуын ұстап тұрады, бірақ глюкозаға қатысты реттеуші әсері оның әрекетінің негізін құрайды.
Инсулинге төзімділік несімен қауіпті?
Адамдардың зат алмасуында қатты өзгерістер болмаса да, инсулинге төзімділікте ерте қартаю процесі болады, сонымен қатар бүгінде бұл ауыр жүрек-қан тамыры патологиясымен және олардың қауіпті асқынуларымен (инсульт, инфаркт, ми қан айналымының жіті бұзылуы, диабеттік нейропатия және т.б.) байланысты екені белгілі.
Көптеген әйелдер, әсіресе орта жастағы әйелдер, артық салмақтан зардап шегеді. Артық салмақты тастау мүмкін емес, диета көмектеспейді. Көңіл-күйі де мәз емес. Адамның жасы мен іштегі майлы тіндердің жиналуы (абдоминалды семіздік деп аталады, орталық түрі бойынша) – инсулинге төзімділіктің дамуын қоздыратын және оның күшеюін ұстап тұратын маңызды екі фактор. Бізге таныс тәтті газдалған сусындардың құрамына глюкоза мен фруктозаның көп мөлшері кіреді.
Сусын адам ағзасына түскен кезде ұйқы безі қанттың көп түсуіне байланысты белсендіріледі, көп мөлшерде инсулин шығара бастайды, ал бұл процесс қандағы қант деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Егер тәтті сусындарды үнемі ішетін болса, инсулин деңгейі үнемі жоғарылайды, бұл инсулинге төзімділікке, метаболизм деңгейінің бұзылуына әкеледі, ал бұл, өз кезегінде, қант диабетінен қатерлі ісікке дейінгі көптеген дертті тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, газдалған суды үнемі ішу семіздіктің қалыптасуына ықпал етеді.

4. Газдалған сусын жүрек ауруына әкеледі
Жүрек аурулары да жүрек-қан тамырлары аурулары немесе жүрек және қан тамырлары аурулары сияқты белгілі. Бұл аурулар бүкіл әлемде «бірінші өлтіруші» мәртебесін алып отыр.
Алкогольсіз тәтті сусындар, әсіресе 45 жасқа дейінгі адамдар үшін уақыт бомбасына айналады. Шынында да, жас кезінде адам диабет немесе семіздік ауруына көбірек ұшырайды.
Жүрек аурулары жүрек ұстамасы, жүрек жеткіліксіздігі, инсульт және т.б. да қамтиды. Сіз онымен бірнеше жыл өмір сүре аласыз, тіпті бірнеше инфаркттан аман қалуыңыз мүмкін, бірақ бұл мүгедектікке немесе қарттыққа әкелуі мүмкін.
5. Тәтті сусындар диабеттің даму қаупін арттырады
Жоғарыда айтылғандай, газдалған сусындарды ішу қант диабетіне әкелуі мүмкін. Әлемнің көптеген елдерінде тәтті сусындарды ішуден пайда болған қант диабетінен көптеген адамдар қайтыс болады.
Әркім бұл туралы ойлануы тиіс және мұндай сусындарды айтарлықтай азайту қажет немесе рационнан мүлдем алып тастау керек. Олардың денсаулыққа пайдасы жоқ, ал тұтынылатын тәтті сұйықтықтың мөлшерін азайту мүмкіндігі өлім санын жыл сайын ондаған мыңға азайтады.
6. Тәтті сусындар Альцгеймер ауруына әкеледі
Тәтті сусындар Альцгеймер ауруының даму қаупін арттыруы мүмкін!
7. Газдалған сусындар мидың қатты зақымдануына әкеледі
Қант алмастырғыш аспартам (E-951) — кейбір өнімдер мен газдалған сусындардың құрамына кіретін компонент, барлық заттардың ішіндегі ең даулы комонент болуы мүмкін. «Ұлы дәуір» медиа-жобасының хабарлауынша, еуропалық «Диеталық тамақтану журналы» жариялаған талдауда Оңтүстік Африка ғалымдары аспартам – метанол компоненттерінің біреуінің ғана емес, сонымен қатар басқа элементтердің (фенилаланин және аспарагин қышқылы) де миға әсер ету мүмкіндігіне баға берді.
Талдау ұзақ және егжей-тегжейлі жасалған және ғылыми жұмыстарға 50-ден астам сілтеме көрсеткен.
Фенилаланиннің әсер етуін талдауда авторлар бұл заттың ми химиясын бұзу қабілетін, оның ішінде мидың негізгі химиялық қосылыстарының, мысалы, серотониннің деңгейін төмендету қабілетін егжей-тегжейлі сипаттайды (бұл әртүрлі аймаққа, оның ішінде көңіл-күйге, мінез-құлыққа, ұйқыға және тәбетке теріс әсер етуі мүмкін).
Авторлар фенилаланинде амин қышқылдарының метаболизмін, жүйке функцияларын және организмдегі гормоналды тепе-теңдікті бұзу мүмкіндігі бар екенін айтады. Олар аспартам жүйке жасушаларын зақымдауға қабілетті және бұл тіпті Альцгеймер ауруын тудыруы да мүмкін дейді.
Сіздің қалай қарайтыныңызды білмеймін, бірақ газдалған сусындарды, шырындарды және энергетиктерді ішпей, осы жаман әдеттерден аулақ болу жеткілікті болар еді.
8. Кейбір сусындардағы карамель бояуы қатерлі ісікке әкеледі
Егер сіз кока-кола, пепси немесе кез келген басқа да сусын ішуді жақсы көрсеңіз, мынаны тыңдауыңыз керек.
2011 жылы «Қоғам мүддесі үшін ғылым орталығы» жариялаған жан түршігерлік соңғы деректер Coca-Cola мен Pepsi-де пайдаланылатын «карамель» деп аталатын бояу қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін деп мәлімдеді.
Содан бері Coca-Cola және Pepsi басқа бояғыштарға көшті деп мәлімдейді. Дегенмен, олардың құрамында қауіпті химиялық заттардың болуы мүмкін. Сондықтан … Мұндай сусындардан сақтану керек!
9. Газдалған сусындардағы қант тәуелділікті тудырады
Қант мидағы гормонды шығарады, ол өзіңді жақсы сезінуге мәжбүрлейді. Тәттіні жақсы көретін кейбір адамдарды білетін боларсыз, мүмкін? Оның нашақор сияқты қантты іздеп тұратынын білерсіз …
Ғалымдар қантты жақсы көретін адамдарды нашақорлармен салыстырады, мынаны ескертеді – тәтті өткінші ләззат беріп қана қоймайды, тәтті жеу әдетке айналады, ақырында, денсаулықты құртады.
Бұл да кокаинге тәуелділік сияқты!
10. Газдалған сусындар тісті құртады
Тәтті газдалған сусындарда болатын ортофосфор қышқылы кальцийдің сіңуіне кедергі келтіріп, остеопорозға әкелуі мүмкін екені сізге белгілі болар — бұл тек сүйектерге ғана емес, тістерге де жаман әсер етеді.
Гонконг университетінің отбасылық стоматология профессорының орынбасары доктор Чу Чун-хун және оның әріптестері жақында бастауыш сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізіп, олардың көпшілігінің тістері эрозияға, сондай-ақ басқа да ауыр стоматологиялық ауруларға бейім екенін анықтады.
Он екі жастағы алты жүз мектеп оқушысының арасында шамамен 75% -да эрозияның басталуы анықталды. Әрбір бесінші балада кариозды зақымдану анықталды, олардың жартысы емделмеген. Зерттеушілер ұлдарға қарағанда қыздардың көбі кариеске ұшырайтындығын анықтады.
Мамандардың айтуынша, мектеп оқушыларындағы эрозия мен кариес үнемі қышқыл мөлшері жоғары тағамдарды жеуден пайда болған. Балалардың ата-аналары ғалымдардың болжамын растады, балалардың шамамен 20% – ы газдалған су мен жеміс шырындарын жиі ішеді екен.
Сізге және сіздің балаларыңызға бұл үлгі болу керек немесе бұдан сабақ алу қажет — газдалған сусынды ішу зиянды!
Мұндай зиянды әдеттен қалай арылу керек?
Бірнеше кеңес бар…
Әдетті өзгерту керек. Мүмкін сіз жұмыс кезінде жақын автоматқа дейін осы сусындарды ішіп серуендеуді жақсы көретін шығарсыз. Олай болса, маршрутты өзгертіңіз. Еліктемеу үшін және тұрақты сатып алу нүктелерінен өтпеу үшін ол жаққа тіпті қарамаңыз.
Сүйікті сусынды ауыстырыңыз. Газдалған сусыны құрамында қанты немесе жасанды тәттілендіргіші жоқ басқа да сусынға алмастырып көріңіз. Мысалы, шөлді басу үшін шөп қосылған (жалбыз, жаужапырақ және басқа да шөптер) шайды, пайдалы лайм (лимон) шырыны бар суды немесе бір стақан үй сүтін ішіп көріңіз.
Мақсатыңызды біліңіз. Бұл сусындарды ішпейтін күнді белгілеп алыңыз. Мақсат қойыңыз: арықтау, ет алу, аурулардан сауығу және т.б.
Конуршина Гульжан Игембаевна
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы
Скринингтік бағдарламаларды талдау бөлімінің басшысы
Темекі шегу – қоғамның темекі шегетін де, шекпейтін де бөліктерінің әлеуметтік мәселесі. Біріншісі үшін – темекіні тастау, екіншісі үшін – темекі шегетін қоғамның ықпалынан аулақ болу, сонымен қатар өз денсаулығын қорғау проблема болып саналады, өйткені адам өзі темекі шегіп, темекі құрамындағы никотин мен басқа заттарды жұтқаннан гөрі темекі шегушілер шығаратын түтінмен демалу анағұрлым қауіпті болады.
Егер бұл мәселені жеке әлеуметтік топ аясында қарастыратын болсақ, онда бұл проблема мектеп оқушылары арасында ең өзекті болады. Оқушының қалыптаспаған санасына құрдастарының ықпалы өте зор болғандықтан, алаңдауға себептер жеткілікті. Темекі тартатын ата-аналар да, темекі тарту зиян деп ойламайтын адамдар да жаман үлгі көрсетуі мүмкін.
Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, темекі шегуді тоқтату адамның темекі шегуді бастаған жасына байланысты: бұл жаман әдет неғұрлым ерте болса, одан бас тарту соғұрлым қиын болады. Ерте жастан темекі шегуден бас тарту жеке адамға ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамға денсаулық жағынан, экономикалық жағынан пайда әкеледі.
Жас жігіттің темекі шегу немесе темекі шекпеу туралы шешіміне көптеген сыртқы факторлар әсер етеді, бірақ құрдастарының ықпалы зор болады. Жастар темекі шегудің зияны туралы біледі, алайда достары темекі шегуді ұсынған кезде зияны мен пайдасын басқаша бағалайды.
Темекі шегу проблемасы, дәлірек айтқанда, денсаулық мәселесіне қатысты өткір проблема болып тұрмаған кезде адам ойланады: «темекіні мүлдем тастау қаншалықты қажет? Әлде темекіні аздап шегуге тырысып көрсе ше? Адамдар темекі шегеді ғой, ештеңе жоқ … Мүмкін бәрі қорқынышты емес шығар? Темекі шегу зиянды, бірақ қазір не зиянды емес? Неге темекі шегуден бас тартып, өзімді қолайсыз сезінуім керек?». Өзін-өзі ақтауға қарамастан, темекі шегетін әрбір адам, тіпті денсаулығы жақсы болса да, темекі шегудің зиянды екенін түсінеді. Дені сау адамға науқастың жағдайын түсіну қиын, ал денсаулығын құрту оны қалпына келтіруден гөрі оңай.
Иә, шынымен де, темекі шегуші өзін қалыпты сезінсе, неге темекі шегуден бас тартуға байланысты азап шегу керек? Жоғарыда айтылғандардың бәрі темекіні тастауға тырысқан, бірақ уақытша қиындықтарды сезінген, бұл ойдан бас тартқан адамдарда жиі кездеседі. Себебі, темекі шегуден бас тартуға жеңіл қарауға болмайды. Адам темекі шегуден бас тартуға қаншалықты уәжді болғанына қарамастан, өзі үшін темекі шегу проблемасына көңіл қойып, темекі шегуден бас тартуға барынша назар аудару керек.
Сигарет, вейп және темекі қыздыру жүйесінің айырмашылығы неде?
Электронды сигарет – вейптердің сатылымда пайда болуы никотинге тәуелді адамдар арасында үлкен толқулар тудырды. Мұндай құрылғылардың зияны туралы даулар әлі де жалғасып жатыр, бірақ жүргізілген клиникалық зерттеулер электронды сигареттің денсаулыққа қауіпті екенін көрсетті.
Темекі шегетін сұйықтықтың температурасы жоғарылаған кезде бу шығаруға арналған қыздыру құрылғысы ерін мен ауыз қуысының шырышты қабығын, сондай-ақ тыныс алу жолдарын күйдіреді.
Темекі шегуге арналған сұйықтықтың құрамына кіретін диацетил тыныс алу жолдарының шырышты қабығына зақым келтіреді, оның салдары бронхит болуы мүмкін.
Никотин сұйықтығы психобелсенді зат сияқты әсер етеді, сонымен қатар жүрек, орталық жүйке жүйесі және өкпе жұмысын бұзады.
Жасөспірімдер арасында электронды сигареттің танымалдығы никотинге тәуелділіктің ерте қалыптасуына әкеледі.
ДДСҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының (ДДСҰ ТКНК) 13-бабына сәйкес, тікелей және жанама жарнаманың барлық түрлеріне, темекі сатуға және темекі демеушілігіне жәрдемдесуге толық тыйым салу енгізілуге тиіс.
Бала құқықтары туралы Конвенцияның 36-бабына сәйкес, балалардың өз мүдделері үшін пайдаланатын немесе олардың әл-ауқаты мен дамуына зиян келтіретін кез келген қызметтен қорғалуға балалардың құқығы бар. Бұған балаларға бағытталған темекі өнімдерінің маркетингі кіреді, бұл олардың дені сау болып дамуына және жас кезінде пайдалануына айқын кедергі болып табылады.
Вейптер баламалы сигарет болып саналмайды. Әрине, олар зиянды әдетке айналады да, қандай да бір баламасыз денсаулыққа салдары болады. Құрылғыларға арналған сұйықтықтардың құрамында көбінесе никотин болатындықтан, олар тәуелділікпен күресудің сенімді тәсілі ретінде қызмет етеді деп айтуға болмайды.
Вейп шегуге дағдыланған адам никотиннің дозасын алуды жалғастырады, тәуелділіктің өзі жойылмайды. Жаман әдеттен арылуға тырысқанда, оны дереу және толығымен тастау керек. Никотин дозасын алудың балама нұсқаларын қолдану зиянды тәуелділікпен толық күресуге мүмкіндік бермейді. Егер адам никотинді қоспай вейпті қолдануға тырысса, онда уақыт өте келе ол әдеттегі сигаретті тартуды қалайды.
Темекіні қыздыру жүйесі – бұл кішкене қорап түріндегі құрылғы, сигарет стигін батыруға және оны қыздырғаннан кейін темекі шегуді жүзеге асыруға арналған.
Темекіні қыздыруға арналған мұндай жүйе алғаш рет 1988 жылы пайда болды, бірақ ол кезде қатты танымал болмады. Кейінірек оған үлкен темекі компаниялары назар аударды, олар бастапқы нұсқасын жетілдірді және оны өте стильді етіп жасады. Бұл электронды сигареттердің ерекшелігі бар, ондағы темекіге от жақпайды, тек белгілі бір температураға дейін қыздырады, бұл жану өнімдерін бөліп шығармайды-мыс.
Темекі шегу, вейп немесе сигарет тартуды темекі шегушінің өзі таңдайды. Электронды гаджеттер нарықта жақында пайда болғандықтан, олардың ағзаға әсері толық зерттелген жоқ. Бірақ кез келген жағдайда әдеттегі және электронды сигаретті салыстыра отырып, екі нұсқа да ағзаға әртүрлі дәрежеде қауіп төндіретіні анық. Сондықтан өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына қамқор болатын адамдар сигареттен толығымен бас тартқан дұрыс.
Шылымқорларға қандай ауруларға дайын болу керек?
Темекі шегуден мүмкіндігінше тезірек бас тарту үшін осы тәуелділік салдарынан қандай аурулардың пайда болатынын білу керек. Егер ештеңе жасалмаса, онда сарапшылардың пікірінше, 2030 жылға қарай дүниежүзінде мерзімінен бұрын қайтыс болудың маңызды себептерінің бірі темекі шегу болады! Темекі шегу адамның ішкі ағзаларының жұмысына қалай әсер ететінін қарастырайық:
– ми функциясының бұзылуы: қан айналымының бұзылуы, тромбтың пайда болуы, артериялардың жарылуы және миға қан құйылу инсультқа әкеледі;
– көміртегі тотығы қандағы гемоглобинді блоктайды, осылайша оттегі ағзадағы тегіс бұлшықеттерге нашар түседі және қан тамырлары мен жүрек бұлшықетінің зақымдануы сөзсіз;
– темекі шегетіндер, негізінен, жоғары қан қысымынан зардап шегеді;
– холестерин деңгейі жоғарылайды, ал бұл миокард инфаркті сияқты көптеген жүрек ауруларына себеп болады;
– темекі шегушінің созылмалы бронхиті, темекіге құмар әрбір екінші адам 10 жыл үзбей темекі тартқаннан кейін дамиды;
– темекі шегу асқазандағы тұз қышқылының белсенділігін арттырады, нәтижесінде жоғары қышқылдығы бар гастрит, асқазан жарасы, асқазан қатерлі ісігі пайда болады;
– эндартериит ауруының маңызды себептерінің бірі – белсенді темекі шегу (гангрена және аяқ-қол ампутациясы);
– қуықтың қатерлі ісігі, темекі шекпейтіндерге қарағанда, қырық жастағы темекі шегушілерде жиі кездеседі. Аурудың алғашқы белгілері: зәрдегі қан, зәр шығару қиындығы және жамбас аймағындағы ауырсыну;
– ауыз қуысы мен өңештің қатерлі ісігі – түтіндетуге құмар адамдардың басқа да созылмалы ауруларымен бірге жүреді;
– жүктілікті тоқтатудың себебі – көп темекі шегу, туылған балалардың салмағы аз, физикалық және интеллектуалдық жағынан әлсіз болады, жиі ауырады;
– темекі шегетін ата-аналардың балалары пассивті темекі шегушіге айналады, жұқпалы аурулармен жиі ауырады.
Темекі шегу иммундық жүйенің әлсіреуіне әкеледі, яғни кез келген ауру, тіпті тұқым қуалайтын ауруларға бейімділіксіз және қоздырғыш факторларсыз да, күтпеген жерден пайда болуы мүмкін. Әдеттегі суық тию, өлім қаупі жоғары ауыр асқынуларға айналуы мүмкін.
Сулейманова Наталья Абдулмажитовна
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы бөлімінің жұқпалы емес аурулардың алдын алу басшысы
Кене энцефалиті (КЭ) – вирустық табиғи ошақтық инфекция, кене арқылы берілетін трансмиссивті инфекция, қызба, интоксикация болады, жүйке жүйесі зақымдалады, кейде созылмалы түрде болады.
Табиғаттағы вирустың негізгі резервуары және таралу көзі – иксод кенелері: Ixodes persulcatus (1-сурет).
Арбовирустардың экологиялық тобының өкілі кене энцефалитінің қоздырғышы болып саналады және тогавирус тұқымдасының флавивирус туысына жатады. Құрамында РНҚ бар бұл вирус кене денесінде төмен температурада тіршілік етуге қабілетті. Ол жоғары температураға (қайнатқан кезде 2-3 минуттан кейін өледі) және дезинфекциялық заттарға төзімді емес.
1– сурет. Иксод кенесі.
Инфекцияның негізгі көздері – көртышқан, кірпі, ала тышқан, тышқан тәрізді кеміргіштер, егеуқұйрықтардың кейбір түрлері, қоян, тиін және т.б., құстардан – сайрақ, шіл, пайызторғай, шекілдек, шұбар шымшық. Инфекцияны таратушылар мен резервуарлары икод және басқа да кенелер болады, олар ауру жұқтырған жабайы жануарларды шаққан кезде вирус жұқтырады.
Кенелерде вирус сілекей бездерінде шоғырланады. Вирус жұқтырған кене ұрғашысы инфекцияны ұрпақтарына трансовариалды түрде таратады. Адам кене шағып алған кезде ауру жұқтырады.
Берілу жолдары:
– трансмиссивті (кене шағу кезінде);
– алиментарлы (ауру жұқтырған ешкінің, сиырдың шикі сүтін және бұзылған өнімдерді тамаққа пайдалану кезінде);
– контаминация (қан сорған кенені езіп-жаншыған кезде);
– транспланцетарлы (анадан ұрыққа беріледі).
Кене энцефалиті кене белсенділігіне сәйкес келетін маусымдық сипатқа ие болады. Оның барынша көбеюі мамыр – маусым айларында байқалады. Бұл аурудың екінші, аздап көбеюі жаздың соңында – күздің басында тіркеледі.
2– сурет. Кене энцефалитінің берілу жолдары.
Эпидемиологиялық ахуал
2021 жылы кене энцефалиті бойынша эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде тұрақты болып сипатталды.
Жалпы республика бойынша 25 жағдай (2020 жылы – 32 жағдай, 2019ж. – 35жағд.), оның ішінде Шығыс Қазақстан – 10 жағд. (2020 – 21 жағд.), Ақмола – 2 жағд. (2020 – 6 жағд.), Солтүстік Қазақстан – 10 жағд. (2020 – 4 жағд.) және Алматы облыстарында – 3 жағд. (2020 – 1 жағд.) тіркелді. КЭ-ден екі өлім болды, оның бірі Шығыс Қазақстан облысында және біреуі СҚО -да (2020ж. – 1 жағд.) тіркелді.
Сырқаттанғандар құрылымында, негізінен, КЭ қарсы егілмеген ересек адамдар (24 жағд.) тіркелген. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 КЭ анықталды (4%), ал 2020 жылы 4 жағдай (12,5%) тіркелген, сырқаттанушылық 3 жағдайға төмендеген.
2021 жылы КЭ сырқаттанушылығының құрылымында ер адамдар көп -18 жағд. (72%) тіркелген. Ең көп КЭ мамырда (28%) және тамызда (31%) тіркелді.
Сырқаттанғандардың барлығы ауруға қарсы жоспарлы екпе алмаған.
КЭ ауруының қалыптасуына халықтың өмір салты көбірек әсер етеді. Мәселен, кене шаққан жағдайдың 80% – ы табиғатта, 4% – ы қала ішінде, 4% -ы қала маңындағы аймақта болды. Анадан жаңа туған нәрестеге жұққан бір КЭ жағдайы тіркелді. Екі ауруда мән-жайлар анықталмады.
Иксод кенелерінің таралуы
2020 жылы республика аумағында мамандар иксод кенелерінің 15 түрін анықтады, олардың ішінде D. marginatus, субдоминирлеуші түрлер – D. reticulatus және Ix.persulcatus басым боп келді (3-сур.).
3– сурет. Қазақстан аумағында иксод кенелерінің түрлік құрамы, 2020 жыл (санэпидқызмет энтомологтарының деректері бойынша).
Жүргізілген мониторингке сәйкес маршруттағы алғашқы кенелер наурыздың бірінші онкүндігінде Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында пайда болды. Жаппай белсенділіктің басталу кезеңі Павлодар облысында наурыздың 3-ші онкүндігінен Алматы қаласында мамыр айының 2-ші онкүндігіне дейін тіркелді.
Жалпы республика бойынша кенелер санының ең көбі сәуір айының соңында-шілде айының басында болды және географиялық ендіктерге сәйкес өзгерді: солтүстігінде – маусым-шілде айларында, оңтүстігінде – сәуір-мамыр айларында болды, бұл табиғаттағы кенелердің өмірлік цикліне сәйкес келеді. Кенелердің белсенділік кезеңі Алматы қаласында, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тиісінше 63 күннен 225 күнге дейін болды. Табиғаттағы соңғы кенелер қазан айының соңына дейін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелді.
Кене энцефалитінің белгілері мен симптомдары
Әдетте, кене шаққан жерде ешқандай өзгеріс болмайды. Инкубациялық (жасырын) кезең 2 күннен 21 күнге дейін созылады. Энцефалит белгілері осы уақыттан кейін пайда болады.
Вирус қанға енгенде, тұмауға ұқсас энцефалит симптомдары пайда болады: қалжырау, шаршау, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, сүйектің сырқырауы, дене қызуының көтерілуі мүмкін. Бұл аурудың қызба түрі деп аталады. Бұл жеңіл өтеді деп саналады, салдары болмайды.
Вирус миға гематоэнцефалиялық тосқауыл арқылы енеді. Егер бұл орын алса, онда қызбаға кене энцефалитінің неврологиялық симптомдары қосылады.
Мидың жүйке жасушалары зақымданған кезде ошақты ауру түрі – ми энцефалиті өрбиді. Олар ең қауіпті болып саналады, өйткені кене энцефалитінің қатты асқынуына немесе өлімге әкелуі мүмкін. Ақырында қозғалыс функциясының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы мүмкін, адамдар бұдан мүгедек болып қалады. Кене энцефалитінің асқынуы мүгедектікке әкелуі мүмкін.
Кене энцефалитін тек қана стационарда емдейді. Ауруханаға уақтылы бару ауруды асқындырмай, тезірек жазылып шығуға септігін тигізеді!
Жазылғаннан кейін вирусты бейтараптандыратын, комплемент байланыстыратын және гемаглютинирлеуші антиденелерді шығару нәтижесінде өмір бойы тұрақты иммунитет қалыптасады.
Кене энцефалитінің алдын алу шаралары
Энцефалиттен қорғанудың ең тиімді тәсілі – ертерек екпе алу.
Кене энцефалитіне қарсы иммундауды медициналық ұйымдар жүзеге асырады.
Кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарда кене энцефалитіне қарсы егілмеген, кәсіби қауіп төндіретін контингенттер жұмысқа жіберілмейді.
Қызметі кене энцефалитінің табиғи ошағында болуымен байланысты адамдар профилактикалық иммундауға жатады.
Медициналық ұйымдардың басшылары жыл сайын аумақтық бөлімшелерге профилактикалық иммундауға жататын адамдардың тізімін ұсынады.
Екпелер жоспарлы, сонымен қатар шұғыл схема бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Жоспарлы вакцинация үш инъекциядан тұрады, курс бір жылға есептелген.
Кене энцефалитіне қарсы егудің шұғыл схемасы (екі апта аралықпен екі инъекция), егер адам кене энцефалиті таралған ошаққа кенеттен келген жағдайда жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес кене энцефалитінің табиғи ошақтарында орналасқан аумақтарда тұратын және медициналық көмекке жүгінген адамдарға препаратқа қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес мерзімдерде иммундық-глобулинмен серопрофилактика жүргізіледі.
Орманға барар кезде жеңі ұзын киім киіңіз. Шалбарды шұлыққа салып, биік етік киіңіз. Міндетті түрде бас киім киіңіз.
Кенелерді оңай байқау үшін ашық киім киген дұрыс. Орманнан келгеннен кейін киім мен бүткіл денені қарап-тексеру қажет.
Егер сіз денеңізден кенені байқасаңыз, онда жарақат пунктіне бару керек. Жәндікті өз бетінше алуға болмайды – дұрыс жасалмаған процедурада кене бөліктері шаққан жерде қалуы мүмкін. Егер алып тастағаннан кейін бірнеше күн өткен соң сізде дене қызуы байқалса, дереу инфекционист дәрігерге қаралу қажет.
Алған кенені зерттеу үшін зертханаға әкелу керек. Мұны шаққаннан кейін үш күн ішінде жасауға болады, әйтпесе биологиялық материал құнын жояды. Кенені зерттеу нәтижесін бірнеше сағаттан кейін аламыз. Бұл ағзадағы инфекцияның дамуына жол бермейді.
Кенені маникюр пинцетімен немесе жіппен алып тастауға болады, паразитті жіппен байлап, оның екі ұшын екі жаққа айырып, жоғары қарай тарту керек. Кенені ары-бері айналдырып қозғай отырып алып тастайды. Кенені жаншуға болмайды. Кейде өсімдік майы жәндікті шығарып алуға көмектеседі, шаққан жерге бір-екі тамшысын тамызады.
Жараны кез келген дезинфекциялық ерітіндімен (йодпен, жасыл дәрімен (зеленкамен), спиртпен) сүртуге болады.
Қанат Текебаев, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры
2022 жылы 21 маусымда Бішкекте (Қырғызстан) Орталық және Батыс Азиядағы ЖЕА қарсы күрес бойынша саяси шараларға арналған семинар өтті. ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы ұйымдастырушы болды.
Жұқпалы емес аурулар (ЖЕА) бүкіл әлемде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы үлкен мәселе болып саналады және ДДСҰ Еуропалық аймағында мерзімінен бұрын өлім мен мүгедек болудың негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Мақсат – ағымдағы жағдайды және семіздікті қоса алғандағы ЖЕА қарсы күрестің стратегиялық шараларын, ДДСҰ Еуропалық аймағында және семинарға қатысушы елдерде қоғамдық денсаулық сақтау саласының мәселесі ретінде сипаттау; шығындар мен нәтижелер тұрғысынан ең тиімді араласуды және семіздіктің алдын алу және жеткіліксіз тамақтану және олармен күрес саласындағы басқа да ұсынылатын іс-шараларды ұсыну; араласудың басым бағыттарын айқындау және семинарға қатысушы елдерде семіздікпен және жеткіліксіз тамақтанумен күрес жөніндегі шаралар қабылдау үшін деректерді пайдалану бойынша одан әрі іс-қимыл жасауға ынталандыру.
Іс-шараға Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Бубужан Арықбаева, ДДСҰ-ның жұқпалы емес аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Еуропалық офисінің және ДДСҰ-ның Қырғызстандағы елдік офисінің өкілдері, Португалия Ұлттық денсаулық сақтау институтының өкілдері және т.б. қатысты.
Қазақстан Республикасынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Назира Еркебаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының салауатты өмір салтын нығайту орталығының басшысы Салтанат Назарова, Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Абдрахманова және т.б. қатысты.
Шынар Абдрахманова қатысушыларға дұрыс тамақтануға ықпал ететін орта (оның ішінде мектеп ортасы) туралы презентация көрсетті.
Семинар барысында Орталық Азия елдерінің (сондай-ақ Армения мен Әзірбайжан) Денсаулық сақтау секторының негізгі мүдделі субъектілері арасында билік органдары мен осы өңірде шешім қабылдайтын тұлғалардың халыққа ЖЕА дамуының қауіп факторларының әсерін азайтуға ықпал ететін нақты деректерге негізделген саяси араласуларды іске асыру саласындағы табыстарын талдау үшін саяси диалог өтті.
Семинарға қатысушылар мынадай мәселелерді қарастырды: өмір бойы семіздік, тамақтану және ИЕА алдын алу; ИЕА індетінің дамуына қоршаған ортаның (оның ішінде цифрлық ортаның) әсері; ИЕА дамуының қауіп факторларына қарсы іс-қимыл саласындағы денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктері; саясат мәселелері бойынша ең тиімді араласулар және ұсынымдар.
ДДҰ Еуропалық аймағындағы әртүрлі елдердің тәжірибесін зерттеуге ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында әртүрлі елдердің басты үйлестірушілері анықталды, олардың өз елдерінде және Орта Азия аймағында семіздік пен жеткілікті тамақтанбаудың алдын алу және олармен күрес саласындағы ұстанымдары мен одан әрі әрекеттері айқындалды.
Семинарға қатысушылар іс-қимылдың негізгі кезеңдерін бекітті және семіздік, тамақтану және ИЕА алдын алу саласындағы саясат мәселелері бойынша ұлттық диалогтың басым бағыттарын анықтады.
НАШАҚОРЛЫҚ-ҒАСЫР ДЕРТІ!
Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Есірткі - қармағына бір іліндірген соң, торға түскен балықтай қанша бұлқынғанмен, қайтып құтылу екі талай - кесел. Әсіресе, жастарды көктей орып, жуадай солдыратын - көкнәр, апиын, наша тарту есірткіқұмарлыққа жатады. Бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды. Сол себепті Сайрам аудандық орталық ауруханасының мамандары "26-маусым Дүниежүзілік
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес" күніне орай халық арасында болашақ жас ұрпақты Салауатты өмір салтына баулып, Нашақорлықтың зиян-кесірін түсіндіріп, жарқын болашақтарына дұрыс жол көрсетті!