Құрметті сайт қонақтары!

 

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

 

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

             

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

ІНДЕТПЕН КҮРЕСУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ ЕКПЕ АЛУ

02.11.2021жылы Ақсукент ауылындағы Қ. Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20 қазан 2021 жылғы №46 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» бекітілген қаулысын түсіндіруге арналған брифинг өтті. 

Спикерлер қатарында аудан әкімінің орынбасары Оразалиев Мадияр Мұхтарұлы, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Түктібай Ералқасын Жақаншаұлы, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ыдырысов Қалдыбай Сәдуақасұлы, Қарабұлақ аудандық ауруханасының бас дәрігері Қожахметова Эльмира Ағабекқызы қатысты. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары А. Сабитов бекіткен іс-шара жоспары және Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірлескен бұйрығын негізге ала отыра

Сайрам аудандық орталық ауруханасында 15.11.2021жылынан бастап оқушылар мен жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы «Pfizer» компаниясы шығарған "Комирнати" вакцинасын салу басталды. 

«Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынатынын ескертеміз. Екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізілсе, жасөспірімдерді вакцинациялау – тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзе асады.