Құрметті сайт қонақтары!

 

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

 

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

             

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

2022 жылдың 10-12 қаңтар аралығында Сайрам ауданының ауылдық округтерінің зиялы қауым өкілдері және мектеп басшылары Аудан әкімінің орынбасарлары М.Оразалиев, Ш.Убайдуллаев, аудан әкімінің кеңесшісі Р.Есполай, Сайрам аудандық тұтынушыларды қорғау басқармасының басшысы Е.Түктібай, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Қ.Ыдырысов және аудандық адами әлеуетті даму бөлімі басшысының орынбасары Г.Нұртанова қатысуымен жиналыстар өткізілді.
Жиналыстың басты тақырыбы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді коронавирус індетіне қарсы екпе жұмыстарын жандандыру, ревакцинациялау жұмыстарын жүргізу.
Жалпы Ақсукент аулдық округінің 10 мектебі, Қарасу ауылдық округінің 8 мектебі, Манкент ауылдық округіндегі - 8 мектеп, Қарамұрт ауылдық округіндегі - 5 мектеп, Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі - 8 мектеп, Жибек жолы ауылдық округіндегі - 3 мектеп және Ақбулақ ауылының 1 мектебі қамтылды.
Соңғы күндері елімізде коронавирус жұқтырған адамдар саны күн санап өсіп келеді.
Сондықтан Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары! Өз балаларыңыздың екпе алуын қамтамасыз етсеңіздер.
«Pfizer» компаниясының екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынатындығын, ал жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асып жатқандығын еске саламыз.