Бүгінгі таңда Сайрам аудандық орталық ауруханасына қарасты амбулаторлық-емханалық ұйымдарында 4-шіжеделділік санатты шақыртуларға арналған 6 (алты) фельдшерлік жедел медициналық көмек (әрі қарай-ЖМК) бригадасы тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
ЖМК бригадаларында 34 фельдшер, 27 жүргізуші жұмыс атқарады. Бригадалар қажетті санитарлық автокөлік, құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмек және медициналық қолданыстағы заттармен қамтамасыз етілген.
4-жеделділік санатты шақыртуларға мыналар жатады:
Науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қаупі жоқ жіті аурулардан немесе созылмалы аурулардың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз пациенттің жай-күйі:
4.1 Өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы,
4.2 Терінің және теріастының жіті қабынған аурулары,
4.3 Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара),
4.4 Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы,
4.5 Құсу + тамақтан уланудан туындаған сусыздану белгілерімен сұйық нәжіс,
4.6 Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін),
4.7 Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы,
4.8 Қан аралас несеп,
4.9 Босанулардан, жасанды түсіктерден кейінгі қабыну аурулары,
4.10 Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер,
4.11 МСАК немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар.
Азаматтардың жедел медициналық көмек қызметіне жүгіну қағидалары
«103» қалалық телефоны арқылы жедел медициналық көмек (ЖМК) келесі жағдайларда шақырылады:
1) Қайғылы оқиғалар, жарақаттар немесе уланулар;
2) Науқастың немесе оны қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығына қатты зиян келтіретін аурулардың өршуі;
3) Босану немесе жүктілік өтуінің асқынуы;
4) Жедел коронар синдромы.
Осындай жағдайларда кідірмей жедел медициналық көмек қызметіне хабарласыңыз! (ЖМКҚ).
Қазақстан Республикасы азаматтарына, Қазақстан территориясында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларғажедел медициналық көмегі тегін көрсетіледі.
ЖМК қызметінің мамандары үйге шақыруға келесі жағдайларда келмейді:
1) Амбулаториялық-емханалық ұйымдар жұмысы кезінде жедел медициналық көмекті қажетсінбейтін науқастың үйіне;
2) Емдеуші дәрігер жазған процедураларды орындауға (венаға инъекция егу, бұлшықетішілік инъекция егу, теріастылық инъекция егу, қан құрамындағы қантты және т.б. анықтау);
3) Шұғыл госпитализацияны қажетсінбейтін жоспарлы науқастарды тасымалдауға;
4) Соттық-наркологиялық және медициналық сараптама түрлерін өткізуге;
5) Медициналық ұйымдарға кеңес беру көмегін көрсетуге;
6) Стационардан шыққан науқастарды үйлеріне жеткізуге;
7) Өлім жағдайларын куәландыруға;
8) Науқасқа созылмалы аурулар кезінде, әртүрлі аурулардан белгіленген емдеуді (венағаинъекция егу, бұлшықетішілік инъекция егу) манипуляцияларды орындауда емханаға тұру орны бойынша медициналық көмекке хабарласуы қажет.
Ескерту:
Жедел медициналық көмек қызметінің мамандары соттық-медицналық шешімдер, маскүнемдікті куәландыратын актілерді, жұмысқа уақытша жарамсыздық парақтары мен анықтамаларды бермейді.
Азаматтардың «103» телефоны арқылы жедел медициналық көмек қызметіне хабарласуының ережелері:
№ 1 Ереже
Телефон шалушы науқастың нақты мекен-жайын, кіру есігінің кодын, сондай-ақ үйге қалай тезірек жетудің жолын түсіндіруі керек. Сонымен қатар, жедел медицина көмегі қызметкерінің емделуші туралы барлық сұрақтарына мүмкіндігінше толығырақ жауап беруі керек, оның берген жауабына орай қажетті профильдегі бригаданың келу жылдамдығы(кардиологиялық, педиатриялық, кезектегі және т.б.) байланысты.
№ 2 Ереже
Диспетчермен сөйлескеннен кейін бірнеше минут өткен соң үйдегі адамдардың біреуі сыртқа шығып (егер жағдай сыртқа шығатындай, қандай-да бір әрекеттер жасауға мүмкіндік берсе), «жедел медицина көмек» қызметкерлерін қарсы алғаны жөн. Бұндай әрекеттерді әсіресе кешкілік және түнгі уақытта істеген жақсы. Біріншіден, бригада келуін жылдамдатады, екіншіден, ЖМК қызметкерлері (олардың көбісі әйелдер) үшін «қорғану кепілдігін» береді.
№ 3 Ереже
Шақыру орнына келген «жедел медицина көмек» қызметкерлеріне, олардың жұмыстары тиімді болу үшін жағдай жасау керек.
Біріншіден, науқасты бөтен адамдардан оқшаулау керек. Жедел медицина көмегіне жүгінуді тудырған себептерді нақты анықтау керек, сондай-ақ ЖМК бригадасының келуіне дейін емделушінің шағымы мен жүріс-тұрысы туралы мәлімдеу керек.
Сонымен қатар, егер науқас созылмалы аурулармен ауыратын болса, алдын ала ЖМК бригадасының келуіне дейін қолда бар ауру динамикасы тіркелетін барлық құжаттарды (емханалық амбулаториялық карта, ауру тарихының жазбалары, кардиограммалар және т.б.) дайындап, дәрігерге тапсыру қажет.
№ 4 Ереже
Емделушіні ауруханаға жатқызу жағдайында, оны тек бір туысы немесе танысына ғана шығарып салуына рұқсат етіледі.
Ескерту: жедел медицина көмек бригадасын себепсіз шақырған немесе диспетчерге жалған ақпарат берген тұлғалар Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдылығына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.