Құрметті сайт қонақтары!

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

Жаңалықтар

🏥ТУБЕРКУЛЕЗ ЖАЙЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Сайрам аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне семинар өткізілді. Тақырыбы: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 жылғы №214 бұйрығын талқылау. Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты. Балалар арасында туберкулез ауруын ерте анықтау жолдары". Баяндамашылар: Сайрам аудандық орталық ауруханасының балалар фтизиатры Ш.Р.Ходжаева және штаттан тыс бас иммунолог Г.У.Алтынбекова.
📗Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты және бұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. XX ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Микроскоп астындағы туберкулез микробы қатты ұлғайған кезде кішкентай таяқша тәріздес болып көрінеді, сондықтан туберкулез таяқшасы деп аталды.
📗Туберкулез дегеніміз не?
🔎Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.
---
📗Туберкулез қалайша тарайды?
🔎Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін.

ТУБЕРКУЛЁЗ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР НАСИХАТТАЛДЫ
Сайрам аудандық орталық ауруханасының мектеп мейірбикелері мектеп оқушыларына туберкулез ауруының алдын алу мақсатында “Біз Туберкулезді жеңе аламыз!” атты лекция, дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді. Түсіндірме жұмыстары бейнероликтер, слайдтар, плакаттар, үнпарақтар арқылы жүзеге асты. Кері байланыс ретінде сауалнамалар жүргізілді. Оқушылар жас санаттарына қарай «Туберкулез” тақырыбында диктант жазды.

ЖАППАЙ САУАЛНАМА

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сіз мемлекеттік қызметті ағымдағы жылы алған қызметтеріңіздің тізімінен таңдап бағалай аласыз.

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ БІЗ ҮШІН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖЕТІЛДІРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

Сауалнама сілтемесі: http://m.egov.kz/survey/ 

-------

МАССОВЫЙ ОПРОС

Уважаемый услугополучатель, Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы в целях определения уровня удовлетворенности качеством оказания государственных услуг проводится онлайн анкетирование. Вы можете оценить государственную услугу, полученную в текущем году, выбрав из списка Ваших услуг

ВАШ ОТЗЫВ ОЧЕНЬ ВАЖЕН И ПОМОЖЕТ НАМ В СОВЕРШЕНСТВОВАНИИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ

Ссылка на опрос: http://m.egov.kz/survey/ 

1-ші желтоқсан -Дүниежүзілік ЖИТС-пен қарсы күрес күні қарсаңында Түркістан облыстық "ЖИТС-тің алдын алу жəне онымен күресу" орталығының мамандары Сайрам аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен бірлесе аудандық емханада "Ашық есік" күнін өткізді. Іс-шара барысында емханаға келушілеріне АИТВ инфекциясы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардан АИТВ/ЖИТС-ті ерте сатысында анықтау мақсатында экспресс-тест алынды.
Одан бөлек, Ақсукент ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығында, "Сайрам" және "7Я" сауда орталығының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында "АИТВ- дегеніміз не? Оның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары" туралы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындардан АИТВ/ЖИТС-ті ерте сатысында анықтау мақсатында экспресс-тест алынды.
 
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай Сайрам аудандық орталық ауруханасының эндокринолог дәрігерлері
Курманбекова Айман Акылбековна және Серімбетова Мөлдір Мухтаровна емханаға келуші тұрғындарына, және номері 93 ЖОМ оқушыларына "Қант диабетінің алдын алу" тақырыбы бойынша семинар сабақтарын жүргізді.
#қантдиабеті

19.10-21.10.2022 жыл аралығында Сайрам аудандық орталық ауруханасында Түркістан облысы Денсаулық сақтау Басқармасының ұйымдастыруымен клиникалық және функционалдық медицина академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған, Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының Құрметті азаматы, облыстық мәслихат депутаты Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлының еске алу күніне арналған Халықаралық мультидициплинарлық мастер-класс «Бариатриялық хирургия» саласы бойынша өткізілуде.
Жоғары технологиялық медициналық қызметтер қатарына жататын «Лапароскопиялық моноанастомозды гастрошунттау» Сайрам аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде 6 науқасқа жоспарланған оталарды жасауға келесі білікті мамандар шақырылған:
- О.Оспанов - Астана МУ бариатриялық хирургия кафедрасының профессоры,
- профессор Эрен Тоскын - Түркия Стамбул университетінің медицина факультетінің хирургия кафедрасының доценті,
- профессор О.Тешаев - м.ғ.д., Ташкент медицина академиясының хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, Өзбекстан бариатриялық және метаболикалық хирургтар қауымдастығының президенті,
- У. Рузиев - м.ғ.д (PhD), Ташкент медицина академиясының хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті, Өзбекстан бариатриялық және метаболикалық хирургтар қауымдастығының хатшысы.

Айта кетсек, бариатрия – әртүрлі этиологиялы сырқаттанған семіздікпен ауыратын науқастарды емдеуге маманданған хирургияның бір саласы, семіздікті емдеудің тиімді әдісі, ол пациенттердің өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады және тұрақты салмақ жоғалтуға қол жеткізе алады.