Құрметті сайт қонақтары!

 

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

 

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

             

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

🏥ТУБЕРКУЛЕЗ ЖАЙЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Сайрам аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне семинар өткізілді. Тақырыбы: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 жылғы №214 бұйрығын талқылау. Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты. Балалар арасында туберкулез ауруын ерте анықтау жолдары". Баяндамашылар: Сайрам аудандық орталық ауруханасының балалар фтизиатры Ш.Р.Ходжаева және штаттан тыс бас иммунолог Г.У.Алтынбекова.
📗Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты және бұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. XX ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Микроскоп астындағы туберкулез микробы қатты ұлғайған кезде кішкентай таяқша тәріздес болып көрінеді, сондықтан туберкулез таяқшасы деп аталды.
📗Туберкулез дегеніміз не?
🔎Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.
---
📗Туберкулез қалайша тарайды?
🔎Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін.