Құрметті сайт қонақтары!

 

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

 

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

             

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

Жаңалықтар

Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр) орайластырылған "Дені сау отбасы - бақытты болашақ" ұлттық бағдарламасы  аясында Сайрам уадандық орталық ауруханасы бойынша атқарылған іс-шаралар мәліметі

Ұлттық бағдарлама шеңберінде өткізілген іс-шаралар:

3-6 жас санаты бойынша: «Дені сау бала!» тақырыбында мектеп оқушылары арасында тақырыпқа сай 2/32 тематикалық сабақ жүргізілді.

7-10 жас санаты бойынша: «Отбасының салауатты өмір салтын ұстануы», «Дұрыс тамақтану» тақырыбы бойынша мектеп оқушылары арасында тақырыпқа сай 42/723 тематикалық сабақ жүргізілді.

11-14 жас санаты бойынша: «Отбасының салауатты өмір салтын ұстануы» тақырыбы бойынша мектеп оқушылары арасында тақырыпқа сай 42/914 тематикалық сабақ, 2/34 сұрақ жауап кеші жүргізілді.

15-17 жас санаты бойынша: «Отбасының салауатты өмір салтын ұстануы», «Дұрыс тамақтану» тақырыбы бойынша мектеп оқушылары арасында тақырыпқа сай 42/902 тематикалық сабақ, 2/20 сұрақ жауап кеші жүргізілді.

          18-29 жас санаты бойынша: Аудандық емхана және амбулаториялық мекемелерінде «Отбасының салауатты өмір салтын ұстануы» тақырыбы бойынша 16-17.05.2022ж «Ашық есік» күні өткізілді. ЖТД дәрігерлері, психологтар және СӨСҚ дәрігерлері жалпы 7/103 қабылдау жасады. Аудандық емхана және амбулаториялық мекемелерінде 18-29 жас аралығындағы адамдармен 16/175 сұрақ жауап кеші жүргізілді.

         30-64 жас санаты бойынша: Аудандық емхана және амбулаториялық мекемелерінде «Отбасының салауатты өмір салтын ұстануы» тақырыбы бойынша 16-17.05.2022ж «Ашық есік» күні өткізілді. ЖТД дәрігерлері, психологтар және СӨСҚ дәрігерлері жалпы 7/83 қабылдау жасады. Аудандық емхана және амбулаториялық мекемелерінде 30-64 жас аралығындағы адамдармен 10/118 сұрақ жауап кеші жүргізілді.

         65  жас және одан жоғары: Аудандық емхана және амбулаториялық мекемелерінде 65  жас және одан жоғары адамдармен 4/40 сұрақ жауап кеші жүргізілді.«СӨС» және «Дұрыс тамақтану» жайлы 300 парақша шығарылып, тұрғындарға таратылды.

       Аудандық емхана және амбулаториялық мекемелерінің телімдік қызметкерлері «Отбасылық денсаулық!» акциясын өткізіп, отбасы мүшелерін үйме үй медициналық тексеріп-қарау жүргізді. Жалпы қамтылған отбасы/мүше саны 147/590.

«СӨС» және «Дұрыс тамақтану» жайлы 300 парақша шығарылып, тұрғындарға таратылды.

 

«Барлығына ұзақ өмір». Еуропалық иммундау апталығының мақсаттары мен міндеттері.
Жыл сайын әлемде сәуірдің соңғы аптасында Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) өткізіледі. ЕИА – 180-нен астам ел қатысатын әлемдік жоба. Вакциналау – денсаулық сақтаудың ең үлкен жетістіктерінің бірі. Бүкіл әлемде инфекциялармен күресте ең тиімді, үнемді және қол жетімді құрал ретінде танылған.
ЕИА барлық жастағы адамдардың денсаулығын сақтаудың тиімді құралы – вакциналауды насихаттауға бағытталған.
2022 жылғы Еуропалық иммундау апталығының тақырыбы - «Барлығына ұзақ өмір».
ДДҰ Еуропалық аймағының барлық елдері Еуропалық иммундау апталығын өткізуге қатысады. Оның жүзеге асырылуына өңірлік және ұлттық деңгейдегі серіктес ұйымдар, оның ішінде БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Еуропалық ааурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі орталық (ECDC) қолдау көрсетеді.
Бұл күндері адамдарға иммундық профилактика туралы ақпарат беруге бағытталған дәрістер, кеңестер, конференциялар, жедел желілер және басқа да тақырыптық іс-шаралар өткізіледі.
Жыл сайынғы иммундау апталығының мақсаты - иммундаудың адамдардың денсаулығы мен саулығы үшін маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру, әрбір адам инфекциялық аурулардың алдын алуға мұқтаж екенін түсіну арқылы халықты екпемен қамтуды арттыру. Халықты иммундауды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам денсаулығын қорғауда ең тиімді деп таныды.
Вакцина арқылы аурулардың алдын алудың арқасында Қазақстанда полиомиелит жойылды, ел полиомиелиттен азат аумақ мәртебесіне ие болды, 2009 жылдан бастап Қазақстанда дифтерия тіркелмейді.

Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) әр адамды иммундаудың аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін өмірлік маңызы бар екенін неғұрлым терең түсінуге қол жеткізу арқылы халықты вакциналаумен қамту деңгейін арттыру мақсатында ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының бастамасы бойынша жыл сайын өткізіледі. Вакцинопрофилактика балалар инфекцияларымен аурушаңдық пен өлім-жітімді төмендетудің неғұрлым қолжетімді және үнемді тәсілі, кез келген елдегі әрбір бала вакциналауға құқылы, созылмалы патологиясы бар балалар балалар жаппай инфекциямен ауырған кезінде жоғары қауіп тобына жатады, осыған байланысты олар үшін иммундау міндетті болуы тиіс. Оның мәні "Ескерту-қорғау- екпе егу"деген үш сөзден тұратын қарапайым ұранда жатыр.

 

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл атаулы күн 1948 жылы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. Биылғы Дүниежүзілік денсаулық күні "Біздің планетамыз, біздің саулығымыз!" ұранымен өтілуде.
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында 2022 жылғы 7-8і сәуір күндері Сайрам аудандық орталық ауруханасының аудандық емханасында, "Қарасу" БМСКО-да, "Қарамұрт" БМСКО-да және "Қайнарбұлақ" дәрігерлік амбулаториясында "Ашық есік" күндері өтті. Емделушілердің бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы, көзішілік қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін анықтайтын талдаулар жасалып, скринингтік бағдарлама жүргізілді. Ауданымыздың мектеп медбикелері мектеп оқушылары арасында "Зиянды әдеттер: темекі тарту, нашақорлық, ішімдік" тақырыбында сабақтар оқыды.

Сонымен қатар барша халыққа мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ өмір тілейміз!

Нашақорлық (грек тілінде narcomania - құмарту) – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.

Нашақорлықтың қалыптасуының екі негізі бар:

Отбасының қалыптастырған жеке тұлғаның спецификалық белгілері.

Сыртқы факторлар, әлеуметтік ортаның ықпалы, есірткінің сәнге айналуы, қиыншылықтар т.б.

Нашақорлықтың негізі туралы тағы бір ерекше козқарасты атап өтуге болады. Оның авторлары нашақорлық пен маскүнемдіктің негізі адамның ішкі нашақорлық жүйесіндегі «ауру» ретінде түсіндіреді. Бұл теория бойынша жануарлардың ағзасы сияқты адамның ағзасында табиғи ішкі есірткі деп аталатын заттарды өндіретін ішкі нашақорлық жүйе бар. Олар ағзаны аурудан, стресстен сақтайды, жақсы көңіл күйді, жұмысқа қабілеттілікті, ұйқыны қалыпта ұстайды. Ішкі есірткілердің өңделуі төмендегенде (мысалы: ауру немесе стресстен соң) депрессия басталады -өміге қызығушылығы жоғалады, көңіл күйі өзгереді, өзін нашар сезінеді, ұйқысыздық пайда болады. Мұндай жағдайда адам ішкі есірткілердің қорғауынсыз қалады және әр түрлі себептермен теріс жолға түсіп кетуі мүмкін. Ішімдік, есірткі заттары ағзаға ішкі есірткілер сияқты әсер етеді. Бұл шттарды жасанды есірткілер деп атайды. Уақытша рахаттану сезімін тудыра отырып, олар адам ағзасының нашақорлық жүйесін төмендетеді. Нашақор есірткі қабылдамаған жағдайда оның ағзасы ішкі есірткілдердің қорғануынсыз қалады және соның әсерінен депрессия, «сындыру» синдромы басталады. Өзін қалыпқа келтіру үшін адам жасанды есірткі қабылдауға мәжбүр болады..

Есірткілер немен қауіпті? 

Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді. 
Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл. 

Есірткілерге тәуелділік деген не? 
• Есірткі тұтынуға күшті, тоқтатуға болмайтын құмарлық 
• Есірткінің мөлшерін үнемі үстемелеудің қажеттілігі 
• Есірткілер болмағанда психикалық және тәндік қолайсыздықтың пайда болуы 
• Қоршаған өмірге қызығушылық төмендеуінің өршуі (ештеңемен әуестенбеу, мектеп, жанұя өміріне, достарға, құрдастарға қызықпау) 
• Зиянды зардаптарын біле тұра, есірткі тұтынуды жалғастыру 
• Тұтынатын есірткілердің мөлшерін және оны пайдалануға байланысты ахуалды бақылау қабылетін жоғалту 

Есірткілерді бір-ақ рет пайдалану немен қауіпті? 
• Есірткіледің бір рет дәмін татқаннан кейін, тағы да тұтынуға құмарлық пайда болуымен 
• Психикалық тәуелділіктің даму мүмкіндігімен 
• Есірткілерді мөлшерден артық тұтынумен 
• Есірткілік заттарға аллергиялық реакциялардың дамуымен 
• Есірткіні қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖҚТБ жұқтырудың нақты мүмкіндігімен 
• Есірткіге әуестік бүкіл өмір бойына сақталу мүмкіндігімен 
• Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған-туыстарының зор күш-жігерін,

медицина қызметкерлерінің биік кәсіби дәрежесін, көп қаражат шығындарын қажет ететін ұзақ, күрделі, көп сатылы процесс. Бірлі-жарымды адамдар ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады, яғни дерттен айығады. 
• Есірткілік заттарға әуестену бір ғана тәсілмен - есірткіні ешқашан, бір ретте татпау арқылы құтылуға болатын қатерлі, қалыпқа келтірілмейтін қауіп. 

Нашақорлықтың себептері

Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады. 

Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:
•терісінің ағаруы; 
• ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау) 
• тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу) 
• сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз) 
• көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы) 
• баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы 
• қозғалу координациясының бұзылуы. 

Бала тәртібінде келесі өзгерістер байқалады: 
• жан жағындағы оқиғаларға бейтараптық; 
• үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі; 
• есте сақтау қабылетінің төмендеуі; 
• сынағанды көтере алмау; 
• себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары; 
• ақша сұрау, ақшаның жоқтығына көнбеу; 
• үйден бағалы заттар, киім мен ақшаның жоғалуы; 
• белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу; 

Нашақорлықпен күресу жолдары

Есірткіге қарсы күрес бөлімдерінде қызметкерлердің санын көбейту қажет, өйткені саусақпен санарлық топқа есірткі бизнесі дес береді деуге сену қиын.

Есірткіні анықтап, ұстап тауып алатын құрал-саймандар, техникалармен есірткіге қарсы күрес топтарының толық қамтамасыз етілуі керек.

Есірткінің зардабы және асқынуы

Нашақорлардың есірткіден улануынан оның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден, жүйке жүйесін бірден уландырады, елітіп, еліртіп жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады, өмірге қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді. Есірткі адам психикасына өте қатерлі. Ол ойламаған қылмыстарға итермелейді, нашақор ашуланшақ, шамшыл келеді.

Осы кезде тағы да түрлі елестер пайда болады, яғни, ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі, алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді демек адамның аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Зейін алаңдаушылығы көбейіп, қимылы тежеледі.

Нашақор әйелдерде түгелдей дерлік жыныс мүшесінің жұмысы бәсеңдейді, яғни, жатырларының еттері әлсірейді, сонымен қатар етеккірлерінің келуі де бұзылады (кейде ерте, кейде кеш). Ал нашақор әйел екіқабат болса, көптеген жағдайда түсік болады немесе олардан дімкәс кемтар балалар дүниеге келеді. Ер адамадарда да жыныс мүшесінің қызметі нашарлайды. Оларды оштеие, қызықтырмайды. Осы себепті өз жандарын өздері аямайды. бір инені бір-біріне беріп, жалғастырып сала береді. Бұл түрлі жұқпалы ауруларға (тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабылуына) әкеп соғады. .

Қорытынды сөз: Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

 

Коронавирустың жаңа штаммы Қазақстандағы аурушаңдыққа қалай әсер етті?

Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлауда, 2022 жылдың басынан бері COVID-19 індетінің расталған 16 мыңнан астам жағдайы тіркелді.

Соңғы тәулікте Қазақстан Республикасында CVI+ 4810 және CVI- 79 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, тәуліктік аурушаңдықтың 77%-ы 4 облысқа келеді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау облысы.

Коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес, республика және осы облыстардың 4-і қызыл аймаққа, 6-ы сары аймаққа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары, қалған 7-і жатады. жасылда.

Соңғы 7 күнде барлық аймақтарда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың артуы байқалды, бұл жаңа Omicron штаммының айналымымен байланысты.

 

Өзіңізді «Омикрон»-дан қалай қорғауға болады?

Коронавирустық инфекцияның басқа түрлерімен салыстырғанда, Omicron нұсқасы 20-30 жас аралығындағы адамдардың ең белсенді тобына әсер етеді, сонымен қатар CVI қайта жұқтыру қаупі бар.

Коронавирустық инфекцияның, соның ішінде CVI Omicron жаңа штаммының тез таралуына халықаралық саяхаттар санының көбеюі және қоғамдағы коммуникациялық процестердің артуы ықпал етеді. Аурудың көбеюіне өткен Жаңа жыл мерекелері мен Қазақстандағы соңғы оқиғалар әсер еткені сөзсіз, ал қазір Омикрон вирусының айналымы аясында біз Қазақстанда аурушаңдықтың күрт өскенін байқап отырмыз.

Клиникалық көріністер шаршау, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі.

Қазіргі уақытта ДДҰ аурудың ағымының ауырлығын, клиникалық көріністерін және вакциналардың тиімділігін зерттеу бойынша зерттеулер жүргізуде.

Бүгінгі күні CVI-ға қарсы вакцинация бүкіл әлемде өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама ретінде танылды. Бүгінгі таңда CVI жаңа штаммдарының пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін табындық иммунитеттің қажетті деңгейіне жету маңызды.

Бүгінгі таңда республика бойынша бірінші компонентпен 9 миллионнан астам адам егілді, бұл жалпы субъектілердің 79,2 пайызын, екінші құрамдас бөлігі – 8,5 миллион адам, қамту 75,1 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің, жүкті және бала емізетін әйелдердің вакцинацияға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік «Пфайзер» компаниясынан 4 миллион 230 мың доза Комирнаты вакцина сатып алды.

Бірінші компонентті Pfizer компаниясының Комирнати вакцинасымен 367 578 адам, екінші компонентпен 157 210 адам егілді.

Бүгінге дейін 600 мыңға жуық адам қайта вакцинацияланды. Сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарды Pfizer компаниясының Комирнати вакцинасымен қайта вакцинациялауды бастау жоспарлануда.

Уақытылы иммундау коронавирустық инфекцияның ауыр зардаптарынан қорғайды немесе аурудың жеңіл ағымына ықпал етеді.

 

Коронавирустың жаңа штаммына байланысты шетелде қандай шектеулер енгізілуде?

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты көптеген елдерде қатаң шектеу шаралары қабылдануда.

Мұндай болжамды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі жасады.

Америка Құрама Штаттарында күніне бір миллион 130 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелді, бұл пандемия басталғаннан бергі абсолютті максимум.

Елдердегі шектеулер күшейтілуде. Австрияда бүгіннен бастап екі метрлік қауіпсіз қашықтықты сақтау мүмкін болмаса, сыртта бетперде кию міндетті болып табылады. Азық-түлік емес дүкендерге вакцинация туралы куәлік немесе бұрын ауырғаны туралы анықтамамен кіруге рұқсат етіледі. Үндістанға кірудің жаңа ережелері. Қазір елге келгендердің барлығы бір апталық үй карантині мен бірнеше ПТР сынақтарын күтуде.

Дүние жүзіндегі сияқты, Қазақстанда да сырқаттанушылық деңгейі ең жоғары аймақтарда қосымша сақтық шараларын енгізу жоспарлануда. Осылайша, «Ашық» жобасы аясында алгоритм бойынша қосымша шектеу шараларын енгізу жоспарлануда.

Шетелден коронавирустық инфекцияның әкелінуін болдырмау үшін келгеннен кейін үлгі алынған сәттен бастап 72 сағат ішінде ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар міндетті сертификат енгізіледі.

 

Қазақстандықтар ауырмау үшін қандай алдын алу шараларын ұстануы керек?

Коронавирустық инфекцияның тұрақты мутациясын, сондай-ақ Omicron CVI штамм нұсқасының жоғары таралуын ескере отырып.

Алдағы эпидемиологиялық маусым, қыс мезгілі, жедел респираторлық вирустық аурулардың көбеюімен сипатталатын кезең.

Әрбір адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарау керек, жұқтырмас үшін және басқаларға жұқтырмас үшін бәрін жасау керек. Адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартыңыз, ұжымдық іс-шараларды өткізбеңіз немесе бармаңыз. Жұмыс орындарында міндетті түрде бетперде кию, әлеуметтік қашықтық пен жеке бас гигиенасы, үй-жайларды жиі желдету талаптарын сақтаңыз.

 

Туыстарға барудан, үйде қонақ күтуден аулақ болыңыз.

Коронавирустық инфекцияның алғашқы белгілерінде дененің гипотермиясына жол бермеңіз, үйде болыңыз және медициналық көмекке жүгініңіз.

Тәуекел топтарының туыстары мен достарына қауіп төндірмеңіз, байланыс үшін заманауи қашықтағы байланыс құралдарын пайдаланыңыз.

 

Қазақстанда «омикрон» штаммына байланысты қандай шектеулер болуы мүмкін?

Елде жаңа шектеулердің енгізілуі вирустың вируленттілігіне байланысты. Егер вирус агрессивті болса, көптеген жағдайлар болады, оның ағуы қиын болады, содан кейін, әрине, қосымша шектеулер болады.

 

Қолданыстағы сынақтардың тиімділігі?

Вирустың басқа нұсқалары сияқты, кеңінен қолданылатын ПТР сынақтары әлі де инфекцияны, соның ішінде «омикрон» нұсқасымен инфекцияны анықтайды.

 

Эдгар Куралов, Сайрам аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері