Құрметті сайт қонақтары!

 

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

 

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

             

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

19.10-21.10.2022 жыл аралығында Сайрам аудандық орталық ауруханасында Түркістан облысы Денсаулық сақтау Басқармасының ұйымдастыруымен клиникалық және функционалдық медицина академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған, Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының Құрметті азаматы, облыстық мәслихат депутаты Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлының еске алу күніне арналған Халықаралық мультидициплинарлық мастер-класс «Бариатриялық хирургия» саласы бойынша өткізілуде.
Жоғары технологиялық медициналық қызметтер қатарына жататын «Лапароскопиялық моноанастомозды гастрошунттау» Сайрам аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде 6 науқасқа жоспарланған оталарды жасауға келесі білікті мамандар шақырылған:
- О.Оспанов - Астана МУ бариатриялық хирургия кафедрасының профессоры,
- профессор Эрен Тоскын - Түркия Стамбул университетінің медицина факультетінің хирургия кафедрасының доценті,
- профессор О.Тешаев - м.ғ.д., Ташкент медицина академиясының хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, Өзбекстан бариатриялық және метаболикалық хирургтар қауымдастығының президенті,
- У. Рузиев - м.ғ.д (PhD), Ташкент медицина академиясының хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті, Өзбекстан бариатриялық және метаболикалық хирургтар қауымдастығының хатшысы.

Айта кетсек, бариатрия – әртүрлі этиологиялы сырқаттанған семіздікпен ауыратын науқастарды емдеуге маманданған хирургияның бір саласы, семіздікті емдеудің тиімді әдісі, ол пациенттердің өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады және тұрақты салмақ жоғалтуға қол жеткізе алады.