Құрметті сайт қонақтары!

 

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

 

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

             

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

Кене энцефалиті (КЭ) – вирустық табиғи ошақтық инфекция, кене арқылы берілетін трансмиссивті инфекция, қызба, интоксикация болады, жүйке жүйесі зақымдалады, кейде созылмалы түрде болады.

Табиғаттағы вирустың негізгі резервуары және таралу көзі – иксод кенелері: Ixodes persulcatus (1-сурет).

Арбовирустардың экологиялық тобының өкілі кене энцефалитінің қоздырғышы болып саналады және тогавирус тұқымдасының флавивирус туысына жатады. Құрамында РНҚ бар бұл вирус кене денесінде төмен температурада тіршілік етуге қабілетті. Ол жоғары температураға (қайнатқан кезде 2-3 минуттан кейін өледі) және дезинфекциялық заттарға төзімді емес.

                            1– сурет. Иксод кенесі.

Инфекцияның негізгі көздері – көртышқан, кірпі, ала тышқан, тышқан тәрізді кеміргіштер, егеуқұйрықтардың кейбір түрлері, қоян, тиін және т.б., құстардан – сайрақ, шіл, пайызторғай, шекілдек, шұбар шымшық. Инфекцияны таратушылар мен резервуарлары икод және басқа да кенелер болады, олар ауру жұқтырған жабайы жануарларды шаққан кезде вирус жұқтырады.

Кенелерде вирус сілекей бездерінде шоғырланады. Вирус жұқтырған кене ұрғашысы инфекцияны ұрпақтарына трансовариалды түрде таратады. Адам кене шағып алған кезде ауру жұқтырады.

Берілу жолдары:

– трансмиссивті (кене шағу кезінде);

– алиментарлы (ауру жұқтырған ешкінің, сиырдың шикі сүтін және бұзылған өнімдерді тамаққа пайдалану кезінде);

– контаминация (қан сорған кенені езіп-жаншыған кезде);

– транспланцетарлы (анадан ұрыққа беріледі).

Кене энцефалиті кене белсенділігіне сәйкес келетін маусымдық сипатқа ие болады. Оның барынша көбеюі мамыр – маусым айларында байқалады. Бұл аурудың екінші, аздап көбеюі жаздың соңында – күздің басында тіркеледі.

2– суретКене энцефалитінің берілу жолдары.

Эпидемиологиялық ахуал  

2021 жылы кене энцефалиті бойынша эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде тұрақты болып сипатталды.

Жалпы республика бойынша 25 жағдай (2020 жылы – 32 жағдай, 2019ж. – 35жағд.), оның ішінде Шығыс Қазақстан – 10 жағд. (2020 – 21 жағд.), Ақмола – 2 жағд. (2020 – 6 жағд.), Солтүстік Қазақстан – 10 жағд. (2020 – 4 жағд.) және Алматы облыстарында – 3 жағд. (2020 – 1 жағд.) тіркелді. КЭ-ден екі өлім болды, оның бірі Шығыс Қазақстан облысында және біреуі СҚО -да (2020ж. – 1 жағд.) тіркелді.

Сырқаттанғандар  құрылымында, негізінен, КЭ қарсы егілмеген ересек адамдар (24 жағд.)  тіркелген. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 КЭ анықталды (4%), ал 2020 жылы 4 жағдай (12,5%) тіркелген, сырқаттанушылық 3 жағдайға төмендеген.

2021 жылы КЭ сырқаттанушылығының құрылымында ер адамдар көп -18 жағд. (72%) тіркелген. Ең көп КЭ мамырда (28%) және тамызда (31%) тіркелді.

Сырқаттанғандардың барлығы ауруға қарсы жоспарлы екпе алмаған.

КЭ ауруының қалыптасуына халықтың өмір салты көбірек әсер етеді. Мәселен, кене шаққан жағдайдың  80% – ы табиғатта, 4% – ы қала ішінде, 4% -ы қала маңындағы аймақта болды. Анадан жаңа туған нәрестеге жұққан  бір КЭ жағдайы тіркелді. Екі ауруда  мән-жайлар анықталмады.

Иксод кенелерінің таралуы

2020 жылы республика аумағында мамандар иксод кенелерінің 15 түрін анықтады, олардың ішінде D. marginatus, субдоминирлеуші түрлер – D. reticulatus және Ix.persulcatus басым боп келді (3-сур.).

3– сурет. Қазақстан аумағында иксод кенелерінің түрлік құрамы, 2020 жыл (санэпидқызмет энтомологтарының деректері бойынша).

Жүргізілген мониторингке сәйкес маршруттағы алғашқы кенелер наурыздың бірінші онкүндігінде Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында пайда болды. Жаппай белсенділіктің басталу кезеңі Павлодар облысында наурыздың 3-ші онкүндігінен Алматы қаласында мамыр айының 2-ші онкүндігіне дейін тіркелді.

Жалпы республика бойынша кенелер санының ең көбі сәуір айының соңында-шілде айының басында болды және географиялық ендіктерге сәйкес өзгерді: солтүстігінде – маусым-шілде айларында, оңтүстігінде – сәуір-мамыр айларында болды, бұл табиғаттағы кенелердің өмірлік цикліне сәйкес келеді. Кенелердің белсенділік кезеңі Алматы қаласында, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тиісінше 63 күннен 225 күнге дейін болды. Табиғаттағы соңғы кенелер қазан айының соңына дейін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелді.

Кене энцефалитінің белгілері мен симптомдары

Әдетте, кене шаққан жерде ешқандай өзгеріс болмайды. Инкубациялық (жасырын) кезең 2 күннен 21 күнге дейін созылады. Энцефалит белгілері осы уақыттан кейін пайда болады.

Вирус қанға енгенде, тұмауға ұқсас энцефалит симптомдары пайда болады: қалжырау, шаршау, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, сүйектің сырқырауы, дене қызуының көтерілуі мүмкін. Бұл аурудың қызба түрі деп аталады. Бұл жеңіл өтеді деп саналады, салдары болмайды.

Вирус миға гематоэнцефалиялық тосқауыл арқылы енеді. Егер бұл орын алса, онда қызбаға кене энцефалитінің неврологиялық симптомдары қосылады.

Мидың жүйке жасушалары зақымданған кезде ошақты ауру түрі – ми энцефалиті өрбиді. Олар ең қауіпті болып саналады, өйткені кене энцефалитінің қатты асқынуына  немесе өлімге әкелуі мүмкін. Ақырында қозғалыс функциясының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы мүмкін, адамдар бұдан мүгедек болып қалады. Кене энцефалитінің асқынуы мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Кене энцефалитін тек қана стационарда емдейді. Ауруханаға уақтылы бару ауруды асқындырмай, тезірек жазылып шығуға септігін тигізеді!

Жазылғаннан кейін вирусты бейтараптандыратын, комплемент байланыстыратын және гемаглютинирлеуші антиденелерді шығару нәтижесінде өмір бойы тұрақты иммунитет қалыптасады.

Кене энцефалитінің алдын алу шаралары

Энцефалиттен қорғанудың ең тиімді тәсілі – ертерек екпе алу.

Кене энцефалитіне қарсы иммундауды медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

Кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарда кене энцефалитіне қарсы егілмеген, кәсіби қауіп төндіретін контингенттер жұмысқа жіберілмейді.

Қызметі кене энцефалитінің табиғи ошағында болуымен байланысты адамдар профилактикалық иммундауға жатады.

Медициналық ұйымдардың басшылары жыл сайын аумақтық бөлімшелерге профилактикалық иммундауға жататын адамдардың тізімін ұсынады.

Екпелер жоспарлы, сонымен қатар шұғыл схема бойынша да жүргізілуі мүмкін.

Жоспарлы вакцинация үш инъекциядан тұрады, курс бір жылға есептелген.

Кене энцефалитіне қарсы егудің шұғыл схемасы (екі апта аралықпен екі инъекция), егер адам кене энцефалиті таралған ошаққа кенеттен келген жағдайда жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығымен бекітілген «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес кене энцефалитінің табиғи ошақтарында орналасқан аумақтарда тұратын және медициналық көмекке жүгінген адамдарға препаратқа қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес мерзімдерде иммундық-глобулинмен серопрофилактика жүргізіледі.

Орманға барар кезде жеңі ұзын киім киіңіз. Шалбарды шұлыққа салып, биік етік киіңіз. Міндетті түрде бас киім киіңіз.

Кенелерді оңай байқау үшін ашық киім киген дұрыс. Орманнан келгеннен кейін киім мен бүткіл денені қарап-тексеру қажет.

Егер сіз денеңізден кенені байқасаңыз, онда жарақат пунктіне бару керек. Жәндікті өз бетінше алуға болмайды – дұрыс жасалмаған  процедурада кене бөліктері шаққан жерде қалуы мүмкін. Егер алып тастағаннан кейін бірнеше күн өткен соң сізде дене қызуы байқалса, дереу инфекционист дәрігерге қаралу қажет.

Алған кенені зерттеу үшін зертханаға әкелу керек. Мұны шаққаннан кейін үш күн ішінде жасауға болады, әйтпесе биологиялық материал құнын жояды. Кенені зерттеу нәтижесін бірнеше сағаттан кейін аламыз. Бұл ағзадағы инфекцияның дамуына жол бермейді.

Кенені маникюр пинцетімен немесе жіппен алып тастауға болады, паразитті жіппен байлап, оның екі ұшын екі жаққа айырып, жоғары қарай тарту керек. Кенені ары-бері айналдырып қозғай отырып алып тастайды. Кенені жаншуға болмайды. Кейде өсімдік майы жәндікті шығарып алуға көмектеседі, шаққан жерге бір-екі тамшысын тамызады.

Жараны кез келген дезинфекциялық ерітіндімен (йодпен, жасыл дәрімен (зеленкамен), спиртпен) сүртуге болады.

Қанат Текебаев, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры