Құрметті сайт қонақтары!

 

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

 

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

             

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

Нашақорлық (грек тілінде narcomania - құмарту) – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.

Нашақорлықтың қалыптасуының екі негізі бар:

Отбасының қалыптастырған жеке тұлғаның спецификалық белгілері.

Сыртқы факторлар, әлеуметтік ортаның ықпалы, есірткінің сәнге айналуы, қиыншылықтар т.б.

Нашақорлықтың негізі туралы тағы бір ерекше козқарасты атап өтуге болады. Оның авторлары нашақорлық пен маскүнемдіктің негізі адамның ішкі нашақорлық жүйесіндегі «ауру» ретінде түсіндіреді. Бұл теория бойынша жануарлардың ағзасы сияқты адамның ағзасында табиғи ішкі есірткі деп аталатын заттарды өндіретін ішкі нашақорлық жүйе бар. Олар ағзаны аурудан, стресстен сақтайды, жақсы көңіл күйді, жұмысқа қабілеттілікті, ұйқыны қалыпта ұстайды. Ішкі есірткілердің өңделуі төмендегенде (мысалы: ауру немесе стресстен соң) депрессия басталады -өміге қызығушылығы жоғалады, көңіл күйі өзгереді, өзін нашар сезінеді, ұйқысыздық пайда болады. Мұндай жағдайда адам ішкі есірткілердің қорғауынсыз қалады және әр түрлі себептермен теріс жолға түсіп кетуі мүмкін. Ішімдік, есірткі заттары ағзаға ішкі есірткілер сияқты әсер етеді. Бұл шттарды жасанды есірткілер деп атайды. Уақытша рахаттану сезімін тудыра отырып, олар адам ағзасының нашақорлық жүйесін төмендетеді. Нашақор есірткі қабылдамаған жағдайда оның ағзасы ішкі есірткілдердің қорғануынсыз қалады және соның әсерінен депрессия, «сындыру» синдромы басталады. Өзін қалыпқа келтіру үшін адам жасанды есірткі қабылдауға мәжбүр болады..

Есірткілер немен қауіпті? 

Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді. 
Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл. 

Есірткілерге тәуелділік деген не? 
• Есірткі тұтынуға күшті, тоқтатуға болмайтын құмарлық 
• Есірткінің мөлшерін үнемі үстемелеудің қажеттілігі 
• Есірткілер болмағанда психикалық және тәндік қолайсыздықтың пайда болуы 
• Қоршаған өмірге қызығушылық төмендеуінің өршуі (ештеңемен әуестенбеу, мектеп, жанұя өміріне, достарға, құрдастарға қызықпау) 
• Зиянды зардаптарын біле тұра, есірткі тұтынуды жалғастыру 
• Тұтынатын есірткілердің мөлшерін және оны пайдалануға байланысты ахуалды бақылау қабылетін жоғалту 

Есірткілерді бір-ақ рет пайдалану немен қауіпті? 
• Есірткіледің бір рет дәмін татқаннан кейін, тағы да тұтынуға құмарлық пайда болуымен 
• Психикалық тәуелділіктің даму мүмкіндігімен 
• Есірткілерді мөлшерден артық тұтынумен 
• Есірткілік заттарға аллергиялық реакциялардың дамуымен 
• Есірткіні қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖҚТБ жұқтырудың нақты мүмкіндігімен 
• Есірткіге әуестік бүкіл өмір бойына сақталу мүмкіндігімен 
• Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған-туыстарының зор күш-жігерін,

медицина қызметкерлерінің биік кәсіби дәрежесін, көп қаражат шығындарын қажет ететін ұзақ, күрделі, көп сатылы процесс. Бірлі-жарымды адамдар ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады, яғни дерттен айығады. 
• Есірткілік заттарға әуестену бір ғана тәсілмен - есірткіні ешқашан, бір ретте татпау арқылы құтылуға болатын қатерлі, қалыпқа келтірілмейтін қауіп. 

Нашақорлықтың себептері

Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады. 

Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:
•терісінің ағаруы; 
• ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау) 
• тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу) 
• сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз) 
• көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы) 
• баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы 
• қозғалу координациясының бұзылуы. 

Бала тәртібінде келесі өзгерістер байқалады: 
• жан жағындағы оқиғаларға бейтараптық; 
• үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі; 
• есте сақтау қабылетінің төмендеуі; 
• сынағанды көтере алмау; 
• себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары; 
• ақша сұрау, ақшаның жоқтығына көнбеу; 
• үйден бағалы заттар, киім мен ақшаның жоғалуы; 
• белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу; 

Нашақорлықпен күресу жолдары

Есірткіге қарсы күрес бөлімдерінде қызметкерлердің санын көбейту қажет, өйткені саусақпен санарлық топқа есірткі бизнесі дес береді деуге сену қиын.

Есірткіні анықтап, ұстап тауып алатын құрал-саймандар, техникалармен есірткіге қарсы күрес топтарының толық қамтамасыз етілуі керек.

Есірткінің зардабы және асқынуы

Нашақорлардың есірткіден улануынан оның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден, жүйке жүйесін бірден уландырады, елітіп, еліртіп жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады, өмірге қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді. Есірткі адам психикасына өте қатерлі. Ол ойламаған қылмыстарға итермелейді, нашақор ашуланшақ, шамшыл келеді.

Осы кезде тағы да түрлі елестер пайда болады, яғни, ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі, алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді демек адамның аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Зейін алаңдаушылығы көбейіп, қимылы тежеледі.

Нашақор әйелдерде түгелдей дерлік жыныс мүшесінің жұмысы бәсеңдейді, яғни, жатырларының еттері әлсірейді, сонымен қатар етеккірлерінің келуі де бұзылады (кейде ерте, кейде кеш). Ал нашақор әйел екіқабат болса, көптеген жағдайда түсік болады немесе олардан дімкәс кемтар балалар дүниеге келеді. Ер адамадарда да жыныс мүшесінің қызметі нашарлайды. Оларды оштеие, қызықтырмайды. Осы себепті өз жандарын өздері аямайды. бір инені бір-біріне беріп, жалғастырып сала береді. Бұл түрлі жұқпалы ауруларға (тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабылуына) әкеп соғады. .

Қорытынды сөз: Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.