САЙРАМ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА КОРОНАВИРУС (COVID-19) ЖҰҚПАСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ ЖАЛҒАСТЫРЫЛУДА
Сайрам аудандық орталық ауруханасында коронавирус жұқпасына қарсы екпе жұмыстарына дайындық шаралары атқарылған.Атап айтқанда, Сайрам аудандық орталық ауруханасы мен Сайрам аудандық санитарлық-эпидемиология басқармасымен бірлескен іс шаралар жоспары бекітілген.
Медицина қызметкерлеріне вебинарлар, семинар сабақтары, әдістемелік-тәжірибе оқулары жүргізілді. Алғашқы медициналық-санитарлық мекемелерінде жалпы 7 екпе тіректері және егу топтары ұйымдастырылып жұмыс атқаруда. Егу топтарының құрамына дәрігер, екпе жасаушы медбике, тіркеуші енгізілген. Екпе тіректеріне бөлмелер бөлініп, қажетті құрал-жабдықтарман түгелденген.
Халықпен байланыс орнатуға «жедел желі»(45-647) және Cаll-орталығы (59-952) іске қосылды. Медиа жоспар бекітіліп, көрнекі құралдар дайындалды және медицина қызметкерлері түсінтіру жұмыстарын қолға алды.
Сонымен, 2021 жылдың 2-ші ақпанынан бастап, Сайрам аудандық орталық ауруханасында коронавирус (СOVID-19) жұқпасына қарсы екпе жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда Сайрам АОА-сы бойынша жалпы 830 адамға «COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналау жүргізілді, олар:
693 - медицина қызметкерлері;
37 - полиция қызметкерлері;
95 - мұғалімдер;
5 - СЭББсы қызметкерлері.
Коронавирус(COVID-19) жұқпасына қарсы екпе арнайы аурудың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Ол екі құрамнан тұрады. Бірінші құрам егілген соң, 21-ші күні екінші құрамына екпе жасалынады. Екпе салар алдында азаматтардың денсаулығын дәрігер тексереді. Қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпеге руқсат беріледі.Екпеден соң кейбір азаматтарда жайсыздық, уақытша дене қызуының көтерілуі, екпе орнында қызару, қышу, ауыру және сол сияқты басқа да белгілер болуы мүмкін. Бұндай жағдайда телімдік дәрігерге хабар беру керек немесе жедел медициналық жәрдемге шақырту жасалынады.
Екпені азаматтар тек қана өз еркімен және келісімімен салдыратынын ескерген жөн!



