Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәргерінің 27.01.2020 жылғы №3 қаулысы және Сайрам аудандық орталық ауруханасының, Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналау жүргізу және жүргізуге дайындығы бойынша іс-шаралар» жоспары негізінде жұмыстар атқарылуда.
Сайрам аудандық орталық ауруханасын қызмет аймағында екпе алатындардың жоспары және тізімі дайындалған, ұдайы нақтыланып отырылады.Ұйымдасқан ұжымдардың тізімі, қызметкерлерінің тізімі дайын, үгіт-насихат жұмыстары атқарылуда.
Вакцина сақтауға арналған қоймада 2 мұздатқыш, 2 рефрежератор типіндегі тоңазтқыш термоконтейнер бар, қосымша термоконтейнер сатып алу қарастырылуда. Егу тіректері талапқа сай дайындалған, әр қайсысы мұздатқыш камерасы бар тоңазтқышпен қамтамасыз етілген.
Коронавирус COVID-19 инфекциясына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу үшін 7 егу тірегі, 8 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылған. Жылжымалы егу бригадалары қажеттілікке байланысты жұмыс жасауға дайын. Ұйымдасқан ұжым басшыларымен жылжымалы егу бригадасымен егу жұмыстарын жасауға арналған бөлмелерді дайындау шаралары атқарылуда.
Бүгінгі таңда (03.05.2021ж) Сайрам АОА сы бойынша жалпы-8170 адамға «COVID-19» инфекциясына қарсы вакциналау жүргізілді, олар:
1. Мед қызметкерлер- 2255
2. Полиция қызметкерлері-150
3. Педагоктар- 2424
4. Мемлекеттік қызметкерлер -143
5. Студенттер – 165
6. Басқалар – 3033