Құрметті сайт қонақтары!

 

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

 

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

             

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

Жаңалықтар

АИТВ жұқпасы туралы
Жастар арасында әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу, соның ішінде АИТВ жұқпасы туралы
Ғасырдың індеті болып табылған АИТВ/ЖИТС яғни, адамның иммунитет тапшылығы вирусы және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы төңірегіндегі қорқыныш уақыт өткен сайын үдей түсуде. Жыл сайын оның шырмауына миллиондаған өрімдей жастар, небір тағдырлар тажал құрбанына айналуда. Бүкіл дүниежүзілік ұйымның деректеріне сәйкес ЖИТС індеті тіркелінгеннен бастап 25 миллионнан астам адамның өмірін жалмапты. Бүгінгі күні әлемде 60 миллионнан астам адам АИТВ (ВИЧ) жұқпасының тасымалдаушысы екендігі анықталды. Күн сайын 7000-ға жуық адам індет жұқтырып, ал 2,5 мыңнан астам адам осы дерттен көз жұмады екен. Қазіргі кездегі ғылымның жетістігі — АРВ препараттарымен емдеу арқасында ЖИТС-ке қатысты өлім санының азаюында.
Ал қазіргі кезде Қазақстан Республикасында АИТВ індетінің эпидемиологиялық жағдайына келсек 41743 адам осы індетпен тіркелініп отыр екен, оның 13000 астамы қайтыс болғандар. Елімізде ең көп тіркелінгендер Алматы қаласы, Қарағанды облысы және Шығыс Қазақстан облыстарында. Ал Жамбыл облысына келсек ең алғаш тіркелінген 1989 жылдан бері 1359 адам осы індетпен тіркелініп отыр, ал осы індеттен 471 адам көз жұмды.
Соңғы жылдары ауру жұқтырғандар арасында жастарымыздың, өзіміздің азаматтардың қатары жиі көріне бастады.Тіпті көбейіп келеді десекте жаңылыса қоймаймыз. Бұл ауру ұлт, жыныс, өңір немесе мемлекет талдамайды. Тек қазақ халқы емес қай ұлттың болсада ұлттық, халықтық педагогикасының, тәрбиесінің, тіпті ұлттық сана-сенімінің босаңсығаны осы қасіретке жол алып түседі. «Қызға қырық үйден тыю», деп қазақ атамыз болашақ отбасы санасының тәрбиесіне қатаң қараған еді. Қазір осындай халықтық тәрбиенің құндылығы босаған. Ал адамның иммундық тапшылығы синдромы ауруына қарсы тұру — әр адамның дұрыс жолмен жүруі, сезім тазалығы.
 
Қызылшаның негізгі қауіптілігі — жоғарғы жиілігі мен асқынулардың ауырлығында. Асқынудың жоғары қауіптілігі созылмалы патологиясы бар пациенттерде кездеседі. Қызылшаның ең көп асқынуы сырқаттанғандардың 7-9% кездесетін ортаңғы құлақтың қабынуы болып табылады, асқыну әрі қарай кереңдікке әкеліп соқтырады. 1-6% пациентерде пневмония дамиды. Қызылшамен сырқаттану
кезінде өкпенің зақымдалуы мен ауыр ағымы 60% дейін өлім жағдайына алып келуі мүмкін. Қызылша кезінде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы жіті инфекциялық және инфекциядан кейінгі энцефалит түрінде өтуі мүмкін.
Қызылша нақтамасы клиникалық белгілері негізінде қойылады. Қызылшаға күдіктенген жағдайда әрбір науқастың үлгілері мамандандырылған зертханада тексеріледі және нақтама жүргізілген зерттеу қорытындысының нәтижесінде қойылады. Нақтаманың дәлелденуіне спецификалық IgM анықталуы үшін полимеразды тізбекті рекция (ПТР) әдісі қолданылады.
Қызылшамен кімдер сырқаттанады?
Бүгінгі күнге қызылшамен сырқаттанғандардың басым бөлігі – аталған жұқпаға қарсы егілмегендер. Қызылшамен ауырмағандар және оған қарсы егілмегендер сырқаттанушылық қоздырғышына өмір бойына сезімталдығы жоғары болып қалады және кез келген жаста сырқаттанып қалуы мүмкін.
ГЕПАТИТТЕР
Гепатит – бұл бауыр жасушаларын бұзатын және оның жұмысын бұзатын қабыну ауруы. Бұл жағдай өзінен-өзі емделуі мүмкін немесе фиброздың (тыртықтың), цирроздың немесе бауыр қатерлі ісігінің дамуына әкелуі мүмкін.
Вирустық гепатит – бауырдың ең көп таралған ауруы. Жыл сайын әлемде тек жіті вирустық гепатиттен 1-2 млн адам қайтыс болады.
Аурудың себептері және қауіп факторлары:
Әлемдегі гепатиттің ең көп таралған қоздырғыштары - гепатит вирустары, бірақ оның себебі басқа инфекциялар, улы заттар (мысалы, алкоголь және кейбір есірткі) және аутоиммундық аурулар болуы мүмкін.
А, В, С, D және E типтері деп аталатын гепатиттің 5 негізгі вирусы бар, бұл 5 түрі аурудың ауыртпалығы мен өлімге және аурудың өршуіне және эпидемиялық таралуына әкелетін әлеуетіне байланысты үлкен проблема болып табылады.
А және Е гепатитінің пайда болудың негізгі себебі, әдетте, ластанған тағамдарды немесе суды пайдалану болады. В, С және D гепатиті, әдетте, ағзаны жұқтырғыш сұйықтықтарымен парентеральды байланыс нәтижесінде дамиды. Бұл вирустардың таралуының кең таралған әдістеріне жұқтырған қанды немесе қан өнімдерін құю, ластанған жабдықты қолданып инвазивті медициналық процедуралар және В гепатитіне қатысты босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, сондай-ақ жыныстық қатынас кезінде жұғуы жатады. В және С гепатиттері, атап айтқанда, жүздеген миллион адамдарда созылмалы аурудың дамуына әкеледі және цирроз бен бауыр қатерлі ісігінің ең көп таралған себебі болып табылады.
Гепатиттің белгілері:
Гепатиттің жедел түрінің жалпы, бірақ міндетті емес белгілері:
Сарғаю - бауырда өңделмеген билирубин қанға еніп, теріге тән сарғыш реңк берген кезде пайда болатын ең танымал симптом. Алайда, гепатиттің сарғаюсыз түрлері жиі кездеседі;
Іш өту;
Шаршағыштық;
Тәбет пен салмақ жоғалту;
Температураның шамалы көтерілуі;
Бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну;
Жүрек айнуы, құсу;
Іштің немесе оң жақ қабырға асты жеңіл ауыруы немесе ауырлығы.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

«1-ші маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні»-не орай 01.06.2023 жылы Сайрам аудандық орталық ауруханасында “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” өткізілді. Балаларды алдын ала жазылусыз келесі мамандар қабылдау жасап, лабораториялық-диагностикалық тексерулерден өткізді:
Педиатрлар;
Жалпы тәжірибелі дәрігерлер;
Балалар кардиологы;
Балалар эндокринологы;
Балалар ревматологы;
Балалар невропатологы;
Балалар стоматологы;
Хирург;
Отоларинголог;
Офтальмолог;
Функционалдық зерттеулер: УДЗ, ЭКГ;
Саулелік диагностика(рентген) және лабораториялық тексерулер.

Одан бөлек, емхана құрамындағы педиатрия бөлімінің меңгерушісі Г.У. Алтынбекова жас аналарға балалардың дұрыс тамақтануы бойынша кеңес жасады. Педиатр дәрігері Г.К. Тастанова аудандық Elnur TV телеарнасына сұхбат берді.
—————————
ВСЕМИРНЫЙ ДЕНЬ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ

«1 июня – Всемирный день защиты детей!». В связи с этим в Сайрамской центральной районной поликлинике прошел «ДЕНЬ ОТКРЫТЫХ ДВЕРЕЙ». Без предварительной записи, дети прошли осмотр у следующих специалистов а также прошли следующие медицинские обследования:
Педиатры;
Врачи общей практики;
Детский кардиолог;
Детский эндокринолог;
Детский ревматолог;
Детский невропатолог;
Детский стоматолог;
Хирург;
Отоларинголог;
Офтальмолог;
Функциональная диагностика: УЗИ, ЭКГ;
Лучевая диагностика(рентген) и лабораторные исследования.

А также, заведующая педиатрическим отделением поликлиники Г.У. Алтынбекова дала советы молодым матерям о правильном питании ребенка. У врача-педиатра Г.К. Тастановой было взято интервью районным телеканалом Elnur TV.

#балаларкүні #деньзащитыдетей

БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ - ӘРБІР ОТБАСЫ, ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҮШІН ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
 
Жыл сайын 1 маусымда біз әрбір отбасы үшін ең маңызды мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеміз.
Дені сау, бақытты, жан-жақты дамыған бала - қоғам мен мемлекет үшін ең жоғары құндылық. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде балалар барлық бағыттар бойынша тегін медициналық көмек алудың басым құқығын пайдаланады.
Балалардың денсаулығын сақтауда жүктілік кезеңінен бастап дамудың барлық кезеңдерінде медициналық көмек көрсетудің бірыңғай дәйекті стратегиясын сақтау маңызды екенін айта кету керек.
Барлық балаларымызды мерекемен құттықтаймын, олардың әрқайсысына зор денсаулық және мол бақыт тілейміз! 

🏥АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯ

Гипертония — артериялық қысымның тұрақты не кезеңмен көтерілуімен сипатталатын ауру. Қан қысымы жүрек-қантамырлары мен бүйрек жүйелерінің бірлескен жұмысынан туындайтын фактор, осы жүйелердің бірінің жұмысы бұзылған жағдайда ол көтерілуі мүмкін.

Осылай, гипертония қысымның көтерілуі негізгі немесе жалғыз белгісі болып табылатын эссенциалдық гипертония және қан қысымының көтерілуі қандай да бір аурудың салдарынан болатын салдарлық гипертония болып бөлінеді.

Оның дамуының негізгі алғышарттары тұқым қуалаушылық, ұзақ уақыт психоэмоциялық жүктеме, аз қозғалу, салауатты өмір салтын қадағаламау, никотин мен ішімдікке салыну, артық салмақ қосу болып табылады.

Гипертониялық ауруларды диагностикалау үшін қан қысымын және тамырдың соғуын өлшеу, көз түбінің жағдайын офтальмологиялық зерттеу жұмыстары қолданылады. Бүйрек гипертониясын анықтау үшін несеп талдауына және бүйрек жағдайын зерттеуде құрал-аспаптық әдістері қолданылады.

Гипертония көбінесе 20-30 жыл ішінде баяу түрде, біртіндеп дамиды.

Гипертония ауруын емдеуде диета маңызды орынды алады. Науқастарға тұзды қолдануды шектету, никотин және кофеден, ішімдіктен бас тарту ұсынылады. Көкөністерді және жемістерді, ашытылған сүт өнімдерін көп қолдану керек.

Өмір салтын өзгерту де үлкен маңызды орынды алады. Ұйқы мен демалыс режимін қадағалау, күнделікті бірқалыпты дене жүктемесі, күйзелістің болмауы, қалыпты, ырғақты тіршілік – гипертониямен ауыратын науқас жағдайының сауығуы немесе бірқалыптылығы үшін қажетті жағдай.

Гипертонияны емдемеу - миокард инфарктына, инсультке, өмір сапасының жалпы төмендеуіне әкеп соғады. 

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні (World Tuberculosis Day) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі бойынша жыл сайын 24 наурызда 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох (Robert Koch) өзі жасаған туберкулез қоздырғышының ашылғаны туралы жариялаған күні атап өтіледі. 1905 жылы ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.
📗 Бұл күн ДДҰ және туберкулез бен өкпе ауруларына қарсы халықаралық одақтың (International Union Against Tuberculosis and Lung Disease — IUATLD) шешімі бойынша 1982 жылы құрылды және туберкулез қоздырғышы-Кох таяқшасының ашылуының 100 жылдығына орайластырылды. 1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулезді ұлттық апат деп, ал 24 наурыз күнін Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні деп жариялады. 1998 жылдан бастап БҰҰ-ның ресми қолдауына ие болды.
🔎Туберкулез - ауа тамшылары арқылы жұқпалы ауру. Тиісті емсіз туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам жыл сайын орта есеппен 10-15 адамға жұқтыруы мүмкін. ДДСҰ мәліметтері бойынша, күн сайын бұл алдын алуға болатын және емделетін аурудан 4 500-ге жуық адам қайтыс болады, ал 30 000-ға жуық адам ауырады (олардың көпшілігі дамушы елдердің тұрғындары).
❗️Туберкулез әлемде жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітімнің жетекші себебі болып табылады.
❗️Туберкулездің дамуына дұрыс тамақтанбау, уытты өнімдерді (темекі, алкоголь, есірткі) тұтыну, еңбек пен тұрмыстың қанағаттанғысыз жағдайлары, кейбір созылмалы аурулар (қант диабеті, қан аурулары, АИТВ) ықпал етеді.
📗Туберкулезбен күресу күнінің символы - сау тыныс алудың символы ретінде ақ түймедақ таңдалған. Бүгінгі күн ресми түрде 1982 жылы бекітілгенімен, туберкулезге қарсы іс-шаралар әлемде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында басталды және қайырымдылық қызметіне негізделді. Сол кезде Ақ гүл күні идеясы Женевада алғаш рет АҚ түймедақ гүлдерден тігілген қалқандары бар жас жігіттер мен қыздар көшеге шыққан кезде пайда болды деп саналады. Олар туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үшін қайырымдылық жинады. Содан кейін бұл акциялар басқа Еуропа елдерінде өткізіле бастады, ал түймедақтарды сату халықтың назарын аударды және туберкулезге қарсы ұйымдарға табыс әкелді.