Құрметті сайт қонақтары!

 

Біз Сіздерді  шаруашылық жүргізу құқығындағы  «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми сайтына кіргеніңіз үшін, өте қуаныштымыз

Бұл жерде біздің мекеме жайында, медицина мамандары мен қамтамасыз етілген медициналық технологиялық жабдықтармен танысып, қажетті анықтамалық сипаттағы ақпараттар мен медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті сапалы, қолжетімді, мерзімінде көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Сіздер медициналық көмек көрсету тәртібі, әр түрлі ауруларды алдын алу жөнінде кеңес беру және салауатты өмір салты туралы тиімді ақпарат, сондай-ақ жолдаған мүдделі сауалдарыңызға жауап алуларыңызға мүмкіндік болады. Сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау үшін мекеме қызметкелерінің жеткілікті тәжирібісі және барлық мүмкіншіліктері бар.

 

Біз Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін барлық мүмкіншіліктердді жасауға дайынмыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыста табыс, береке және жақсылықты тілейміз!

 

 БІЗДІҢ МИССИЯ:

Персоналдың кәсібилігімен үйлесетін жоғары сапалы көпсалалы медициналық қызметтерді ұсыну арқылы аймақ тұрғындарының денсаулығын жақсарту, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын заманауи медициналық технологияларды қолдану.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Клиникалық тәжірибені, алдынғы қатарлы медициналық технологияларды интеграциялау және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік ортада кәсіпорынның экономикалық рентабельдігін қамтамасыз ету арқылы заманауи медициналық ұйымға айналу.

             

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « Сайрам аудандық  орталық ауруханасы» МКК Сайрам ауданы тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханаға бекітілген тұрғындар саны – 134100, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 49304, жасөспіріімдер - 6952, ересектер -77845, фертильді жастағы әйелдер саны – 30906.

Бүгінгі таңда Сайрам аудандық  орталық ауруханасы құрамында 434 төсек орындық тәуліктік стационар жұмыс атқаруда:

Терапия -31 , кардиология -32 , хирургия -41 , травматология - 60, педиатрия – 35, инфекция – 35, неврология - 45, инсульт орталығы - 20, перзентхана – 80, гинекология – 35, Қарамұрт бөлімшесі – 20,  еректер және балалар реанимациясы.

Амбулаторлық көмек

Аурухана құрамында:  аудандық емхана, 3 алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы, 6 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік- акушерлік тіректері, 6 медициналық тіректер  медициналық қызмет көрсетуде.

Аудан тұрғындарының стационарлық көмекке болған талабын қанағаттандыру мақсатында аз қаражат талап ететін күндізгі стационарларды көбейту мәселелеріде қолға алынған. Бүгінгі таңда аурухана және оның құрылымдық бөлімшелері бойынша 125 төсек орындық күндізгі стационар жұмыс атқаруда. 

12 Маусым 2017

 

 

«Ақсукент» Сайрам аудандық емхана МКҚК-ны және емханаға қарасты емдеу профилактикалық мекемелерге бекітілген халыққа бастапқы медико-санитарлық және мамандандырылған көмектер   көрсетеді:

Емханаға қарасты емдеу мекемелер: медициналық жедел жәрдем бөлімше, зертхана-диагностикалық бөлім, профилактикалық және әлеуметті-психологиялық бөлім.

Бекітілген халыққа бастапқы медико-санитарлық көмекті жалпы тәжірибелі дәрігер, телімдік дәрігер педиатрлар  және терапевтер көрсетеді.

Мамандандырылған  көмекті бейімді мамандар көрсетеді: дәрігер кардиологтар (ересектер және балалар), дәрігер невропатологтар (ересектер және балалар), дәрігер акушер-гинекологтар, дәрігер реабилитолог, дәрігер-оториноларинголог, дәрігер-офтальмолог, дәрігер рабиолог, дәрігер травматолог-ортопед, дәрігер-эндокринолог, дәрігер-стоматолог, дәрігер-хирург (ересектер және балалар), дәрігер-инфекционнист, дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-онколог, дәрігер-маммолог, дәрігер-пульмонолог, дәрігер-нефролог, дәрігер-фтизиатр (ересектер және балалар), дәрігер-геронтолог, дәрігер-ревматологтар (ересектер және балалар), дәрігер – уролог, дәрігер – нарколог.

Зертхана–диагностикалық бөлімі: дәрігер рентгенологтар, дәрігер лаборантар (клинико-биохимиялық, цитологиялық, бактериологиялық және биохимиялық), ультра-дыбыстық зерттеу дәрігер, функционалды-диагностикалық дәрігер (ЭКГ), электроэнцефалография (ЭЭГ),  фиброколоноскопия (ФКС), фибрагастродуоденоскопия (ФГДС), маммография (жылжымалы және стационарлық) реоэнцефалография (РЭГ), тәулікті монитирирование ЭКГ (холтер), жүктеме сынама тредмил-тест, артериалды қысымының  тәулікті монитирирование (СМАД), рентген аппарат және флюрографиялық аппарат (жылжымалы және стационарлық), томография.

Сіздің денсаулығыңызды бағалау үшін зертханалық диагностика  біздің емдеу мекемеде зерттеу жұмыстарын  жүргізу үшін  кең мүмкіндіктер ұсынады.

Сіздің қызметіңізге зерттеудің әр түрлі бағыттары:

· Жалпы клиникалық зерттеу;

· Иммуноферменттік талдау (ИФА);

· Иммуноферменттік талдау (ПЦР);

· Серологиялық зерттеу;

· Биохимиялық зерттеу;

· Гемостаз зерттеу жүйесі;

· Гормондық панелі (қалқанша безі гормондары және репродуктивті гормандар);

·Онкологиялық панелі (онкомаркер).

Және де Сіздің қызметіңізге физитерапиялық ем алу үшін жабдықтың кең спектрін ұсынады.

Профилактикалық бөлім және әулеуметті-психологиялық көмектер: салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігер, медициналық психологтар және әлеуметтік қызметкерлер.

Емханада және емханаға қарасты емдеу профилактикалық мекемелерде 85 күндізгі стационар төсек орын бар.

ОҚО ДСБ-ның «Ақсукент» Сайрам аудандық емхана МКҚК-ны даму процесі:

· жедел басқару құқығындағы ОҚО ДСБ-ның «Ақсукент» Сайрам аудандық емхана мемлекттік комуналдық қазыналық кәсіпорны 2014 жылы негізделген.

· Емхананың мәні мен мақсаты халық денсаулығын қорғау жөніндегі мемлекеттік аумақтық бағдарламаларды орындау болып табылады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының «Ақсукент» Сайрам аудандық емхана МКҚК-ны

ҚР ДСМ-нің 04.11.2014ж. № 0012977DX берілген мемлекеттік лицензияға сәйкес.

 

 

«Ақсукент» САЕ-ның бас дәрігері

К.С.Идрисов