2015 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.К.Дүйсенова медициналық қызмет сапасына  ішкі және сыртқы сараптамалар жүргізу және ұйымдастыру бойынша  Жол картасы бекітілді.

Жол картасының маңызды бөлімдерінің бірі  «Пациенттерді қолдау және  ішкі аудит қызметінің» алдағы уақытта дамуы.

Бүгінгі таңда әрбір Қазақстан азаматы денсаулық сақтау туралы кез келген деңгейде өз ойын ашық білдіре алады, сол арқылы ол медициналық қызметтің сапасын жақсартуға өз үлесін қосады.

Сайрам аудандық орталық ауруханасы  «Пациенттерді қолдау және  ішкі аудит қызметі жұмыс атқарады.

«Пациенттерді қолдау және  ішкі аудит қызметінің мақсаты: науқас пен медициналық  қызметкерлердің арасында туындаған проблемалар мен сұрақтарды шешу және алдағы уақытта медициналық көмек көрсетудің  сапасын жақсартуға бағытталған.

Қызмет құрамына: бас дәрігердің медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары, дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-эксперт, провизор және заңгер кіреді.

Қызметінің басты қағидаттары – «Дәл қазір және осында», яғни жағдай болған сәтте талдау жасау.

Мұнда медициналық көмек көрсетудің сапасына байланысты арыз-шағымдар беруге, медицина қызметкерлері дөрекілік танытқан жағдайда, медициналық қызметтердің сапасын жоғарылату бойынша ұсыныстар айтуға болады.  

Былай айтқанда «Дабыл батырмасын» басу келесі жолдармен болады:

 Амбулатория және емханада арыз-шағымдар және ұсыныстар жәшігіне жазбаша түрде аты-жөнін, жеке мәліметін жазып қалдыруға;ü

 http://sairam-crb.kz/kz/direktorkz.html сайтына «Бас дәрігердің блогы» айдарына жазуға;ü

 Сенім телефонына хабарласуға болады (24-587. 

Одан бөлек Бірыңғай өңірлік  Call – орталығына қоңырау шалуға болады 8(7252)39-31-60