ШЖҚ «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» МКК – көпсалалы емдеу-профилактикалық және кеңес беру-диагностикалық ұйымы, бұл аурухана Сайрам ауданының 206430 тұрғындары мен   қонақтарына алғашқы медико-санитарлық, стационарда шұғыл және жоспарлы көмек көрсету үшін құрылған. Орталық аурухана 1973 жылы салынып,ашылған.Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Аксукент ауылы Б.Қыстаубаев 11А-де орналасқан. Стационардың жалпы көлемі 9,07 га толық көгалдандырылған, сумен қамтамасыз етілген жеке канализация жүйесі бар, электр қуаты аудандық электр жүйесі арқылы беріледі, жылыту жергілікті бу қазандығы арқылы жүргізіледі (газ және көмір пайдалынылады). Сымтетік байланысы аудандық телекоммуникация жүйесі арқылы іске асырылады.

       ШЖҚ «Сайрам аудандық орталық ауруханасы» МКК ғимараты 416 төсек және 120 күндізгі төсекке арналған медициналық ұйым. Жалпы мекеме 1-3 қабатты  16 ғимараттан тұрады,оның құрамына аурухана, перзентхана, тері-венерологиялық диспансері,  «Қарамұрт» ауылдық ауруханалары кіреді.  Аудандық орталық аурухана 281 төсек-орын,аудандық перзентхана үйі 115 төсек-оры, «Қарамұрт» ауылдық ауруханасы 20 төсек – орын. Сонымен қатар, 6 төсек – орындық ересектер реанимациясы, 6 төсек–орындық балалар реанимациясы бөлімдері қызмет жасайды.

Ауруханада жылына 3407- 3560 ота жасалынады, оның ішінде жарақат бөлімінде соңғы 2 жылда 275 отадан 405 ке өскен.